18+
реклама
18+
Бургер менюБургер меню

Ниң Уаң – Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция (страница 7)

18

Жауап: Бұл – практикалық мәселе. 7 және 8 лекцияларда иероглифтерге қатысты кейбір нақты мәселелерді талқылаймыз. Мен алдымен сіздің сұрағыңыз бойынша өз пікірімді айтайын. Қытай иероглифтері бойынша диктант байқауының бастапқы идеясы шешуші мәнге ие. Өйткені қазір компьютер болған соң, қолмен аз жазамыз, сол себепті қолмен жазуды ұмытып барамыз. Жазуды насихаттау үшін диктант жазу жарыстарын ұйымдастырдық. Сіздің пікіріңіздің орынды тұсы – иероглифтердің сипаты туралы мәселе көтергендігіңізде. Иероглифтер дегеніміз идеографиялық жазулар болғандықтан, олардың дыбысталуы мен пішінін жаттап алу жеткіліксіз. Есесіне, жазудың қалай құрастырылғанын түсіну өте маңызды мәселе, жарыс бәрін дерліктей қамти алмайды. Әрқашан назар аударатын мәселе – тіл дыбыс арқылы жеткізілуі керек. Сөздер мен идиомаларды тақырып ретінде қолданғанда, сіз де мағынасын түсінесіз, бірақ бұл иероглиф құрылымының мағынасы емес. Болашақта иероглиф құрылымның мағынасына, яғни теориясына арналған бағдарламалар болады деп ойлаймын. Сол кезде әркім иероглиф пішінін түсініп, оның мағынасына тереңірек бойлайды.

Біздің балаларымыздың бастауыш мектепте бірінші сыныптан үшінші сыныпқа дейінгі негізгі міндеті – сауат ашу, текст оқу арқылы иероглиф тану. Жаңа ғана сұрақ қойған мырза дұрыс айтты. Жазу тану тек жатқа жазу емес, иероглифтің қалай жасалғанын, оның мәні неде екенін түсіну. Біз осы ұғымдарды тәрбие арқылы жеткізуіміз керек. Тағы бір нәрсе – бәрімізге иероглифтің не екенін түсіну үшін ғылыми әлеуметтік білімге сүйену маңызды. Ұлттық кітапхананың бұл ашық сабағы адамдарға иероглиф туралы нақты түсінік беру. Егер жаңа ғана сұрақ қойған мырзаның иероглифті дұрыс түсініп, байқау ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, менің ойымша, жақсы жоба дайындалады деп ойлаймын.

Қазір диктант жазу сайысын жетілдіру мақсатындағы сұрақтар күрделеніп барады. Үлкендерге, тіпті кәсіби мамандарға қойылған сұрақтардың өзі бейтаныс, күнделікті өмірге қажет емес нәрселер. Бұл кейбір орталау мектеп оқушыларының иероглиф жаттау дағдысына кері әсер етіп, аз санды оқушылар иероглифті игере алмай сыныптан бөлініп, «дараланып» қалатын жағдайлар тұғызады. Бұл тәсілдің бағыты дұрыс емес, проблемалары бар әрі негізгі білімге кері әсерін тигізеді. Шын мәнінде, иероглифті түсіну бір-екі жарыспен шешілмейді, мектептердегі негізгі білімге байланысты шешіледі. Көңілді көтеріңкі ұстау біздің ресми білімімізге теріс жағынан әсер етпейді деп үміттенемін. Бұл біз үшін дұрыс беталыс.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Ван мырза! Мен енді байқадым, сіздің PPT-де Яншао және Давэнкоу мәдениеттерінен бастап, Инь және Шан кезеңінен табылған цзягувэньге дейінгі феномен туралы әңгімелейтін уақыт шкаласында бос кезең бар сияқты. Мысалы, Ся династиясы. Бұл уақытта жазу қандай күйде немесе оның дәнекері қандай қатынас құралы болды?

Жауап : Ся патшалығының тарихи жазбаларына келсек, бізде бұл жөнінде мүлде тарихи дерек жоқ. «Тарихи жазбалар», «Ся жазбалары» сонымен қатар, «Құрметті кітабы», «Ся шежіресінде» де: «Барлық елдің патшаларында халық пен ұрпаққа зиян тигізетін заңдар мен ережелер болды». Заң ереже болса, әрине, жазу болады. Бірақ ол кездің жазуы әлі табылған жоқ және біз оларды көрген де жоқпыз. Қазір біз көріп отырған ең алғашқы жазулар Инь және Шан династияларының цзягувэнь жазулары. Дегенмен Инь, Шан династияларына дейін жазудың ұзақ даму кезеңі болды, кейбір жазулар цзягувэнь жазуларына ұқсас болуы мүмкін деген болжам бар. Цзягувэнь жазулары тасбақа сауыты мен сиырдың жауырын сүйектеріне қашап жазылғандықтан сақталған. Жазу үлгісі бұзылмайды, сондықтан бүгінгі күнге дейін жеткен. Цзягувэнь жазулары қашап салынған. Инь, Ся династияларында сәуегейлік жазудан басқа аспектілер жазуы болғанын елестете аламыз, бірақ заттардың шіріп ыдырауына байланысты ол жазулар да солармен бірге жоғалғандықтан, біз оларды көре алмадық.

Цзягувэнь пісіп-жетілгенге дейін басқа жазу болған болуы керек. Цзягувэньде 4000-нан астам белгі бар. «Қытай иероглифтерінің шығу тегі» және классикалық кітаптардың кейінгі буындарына сүйене отырып, біз 1000-ға жуық белгіні түсіне алдық, ал қалған 3000-ға жуық таңбаны әлі түсіне алмадық. Бұл жазулар ұрпақтан-ұрпаққа жалғаспайтын жазулар болуы мүмкін. Бірақ Ся әулетінің жазуларын анықтауға көмектесуі мүмкін.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Ван ұстаз! Біздің жазудың мыңдаған жылдық тарихы бар, бірақ «қытай иероглифтері» деген атау қашан пайда болды? Мен Нинсялық донғанмын, сонымен қатар біз басқа бір ұлт ретінде қытай тілі мен иероглифтерін төл жазуымыз сияқты қолданамыз, сонда бұл жазуды «қытай жазуын» қолданғанымыз дұрыс па? Біз үшін осы сұраққа жауап беруді өтінемін.

Жауап : Сіз Қытай иероглифтерінің атауы қашан пайда болды деп сұрағыңыз келеді, солай ма? Қытай иероглифтері қытай тілін жазу үшін қолданылатын шаршы таңбаларға қатысты пайда болды. Циньге дейінгі Хань патшалығы, Суй және Тан патшалықтарының тарихи кітаптарында «қытай иероглифтері» деген сөздер кездеспеді. «Ляо жазбалары», «Цзинь жазбалары» және «Юань жазбаларына» дейін де «қытай иероглифтері» деген атау болған. Бірақ бұл әулеттерде ханзу халықтары басым болған жоқ. «Қытай иероглифі» термині негізінен ханзуларды кидан, түрік және моңғолдан ажырату үшін қолданылды. Кейін қытай тілін естелікке алатын жазулар қытай иероглифтері деп аталады.

Сұрақ: Қытай иероглифтері мен қытай тілі ханзу ұлтының жазуы мен тілі деп түсінсек бола ма?

Жауап : Қытай иероглифтері қытай тілін естелікке алады, ал тілдердің ұлттық ерекшеліктері бар екенін ескерсек, қытай тілін тек хань ұлты ғана дамытқан. Мұны филология немесе лингвистикамен айналысатын мамандар бәрі біледі деп ойлаймын. Менің ұстазым Ци Гун мырза әдебиет пен классиканың танымал білгірі, тілді жетік меңгерген каллиграф, ұлы маньчжур Айсин Джоро әулетінен шыққан. Қазіргі қытай тіліне басқа этностардың сансыз дыбыстары, сөздері, идеялары мен мәдениеттері енген. Ол қаншалықты ұзақ уақыт дамыған сайын, соғұрлым көп нәрсені өзіне сіңірген. Әрине, оның негізгі бөлігі ханзу ұлты болған дейді. Сондықтан оны жалпы «қытай иероглифтері» және «қытай тілі» деп атаймыз. Сингапур сияқты шетелдерде оны «хуaюй» деп атайды. Мәдениет дегеніміз – чжунхуa ұлты.

Сұрақ: Рақмет, Ван мұғалім!

Жауап : Сұрағыңызға тағы бір мысал келтірейін. Музыка туралы айтсақ, ішекті және үрмелі аспаптар сияқты көптеген музыкалық аспаптар ханзу ұлтынікі емес. Азшылық ұлттардың музыкасы біздікінен әлдеқайда дамыған, бірақ қазір оларды жинақтап, біз де ұлттық музыкамыз деп атаймыз. Оның қай ұлтқа тәуелді екенін нақты айта алмайсың. Еліміздегі басқа да көптеген этностар бізге өнерде үлкен серпін беріп, қытай тіліне зор үлес қосты. Сондықтан бізді Чжунхуа халқы деп атап, хань ұлты деп атамайды. Қытай тілі мен қытай иероглифтерінің бүгінде осындай бай болу себебі, оған көптеген этностар қолын созып, өз үлесін қосты, әйтпесе ол бүгінгідей болмас еді.

Сұрақ: Ван ұстаз, сәлеметсіз бе! Біздің үйде сауат ашу кезеңіндегі – бастауыш мектептің бірінші және екінші сыныбында оқитын балалар бар. Кітап дүкендерінде, интернетте қытай иероглифтері туралы суретті кітаптардың көптеген нұсқалары бар екенін дәл қазір айттыңыз. Осы кезеңде балаларға иероглиф пен суретті кітаптардың қандай нұсқасын ұсынар едіңіз?

Жауап : Сіз оған иероглифтерді қалай үйрету керегін білгіңіз келеді, солай ма? Бастапқыда балаларды мұғалім оқытуы үшін мектепке жіберетін едік. Ал қазіргі кезде ата-аналар алаңдап, балаларын мектепке дейінгі уақытта өздері оқытуға мәжбүр болып жүр. Кейбір білім тиімді, ал кейбіреулері соншалықты тиімді емес. Нақты жағдайдан алып қарағанда қазір білім беруде көптеген мәселелер бар. Бірталай мектептер бірінші сыныпқа баратын баланы қабылдағанда, оның қанша иероглиф білетініне қарап бағалап қабылдайды. Бұл атааналарды балаларын оқу жасына дейін тағы да қосымша білім алу үшін оқуға мәжбүрлейді. Қытай иероглифтерін үйрену оң миды дамытады. «Бала иероглифті неғұрлым ерте үйренсе, соғұрлым зерек болады» деген ғылыми негізі жоқ ұғымдар тағы бар. Шынтуайтында, мұның бәрі – негізсіз мәлімдемелер. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытып, ойлауға үйрету өте маңызды. Иероглифтер тілді естелікке алатынын, ал тіл қабілетінің сауаттылыққа белгілі бір шектеулері бар екенін айтып келеміз. Біз балалардың өз ойын айту үшін қолданатын сөздерді жинадық. «Ол», «олар» деген сөздер олардың «психологиялық сөздігі» ретінде қызмет атқарады. Баланың ақыл-ой сөздігіне енетін жазуды олар есіне сақтап, жаза алған жағдайда ғана пайдалы. Мектепке дейінгі кезеңде ата-аналар балаларының тілінің дамуына, тілге байланысты ойлау қабілеттеріне назар аударып, сөзге қызығатын кезде сөз бен сөзді байланыстыруға ықпал ете алса, бұл – жақсы бастама. Ең дұрысы, көп жазуды тануға, тіпті сол жаста оған қажеті жоқ иероглифті білуге мәжбүрлемеу. Балаға ұнаса, оқиғаны баяндайтын суретті кітаптарды оқыған дұрыс, бірақ нарықта шабыттандыратын және жас балаларға қолайлы кітаптар көп емес. Кейбір мұғалімдер сабақта көп бос сөз сөйлейді. Мұның бәрі оның иероглиф туралы білімінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ата-аналар баланың тілінің дамуы неғұрлым тез болса, соғұрлым жақсы екенін білуі керек. Тіл дағдыларын дамытумен қатар, балаларының иероглифке деген қызығушылығын арттыру үшін дұрыс әдістерді қолдануы лазым. Осылайша олар бастауыш сыныпқа барған кезде белсенділік танытып, оқып, жаза алады. Мен өзім педагогикалық университетте оқытушымын. Біз бастауыш және орта білім беруге жауаптымыз. Иероглифті насихаттау мен оқытуда жақсы жұмыс жасауымыз керек. Ата-ана әрі мұғалім ретінде сіз иероглифтердің ғылыми қағидаларын көбірек сақтауыңыз, балалармен және студенттермен кез келген уақытта сөйлесуге дайын болуыңыз керек. Ешқашан балалардың құр жаттауына жол бермеңіз. Баладан мектепке барар алдында 2500 иероглиф білуді талап етпеңіз. Балаларды иероглифті жүз рет қайталатып жазғыза берсеңіз, олар жалығып, иероглифті жек көріп кетуі мүмкін. Баланың дені сау болып, балалық шағы жақсы өтсін.