18+
реклама
18+
Бургер менюБургер меню

Ниң Уаң – Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция (страница 9)

18

Соңында бұл жазулар жетілген символдық жүйеге айналды. Неліктен цзягувэнь жазуы мен темір ыдыстардың ернеуіне жазылған жазулар қазірдің өзінде жетілген жазу жүйесі деп қаралады? Жазудың пісіп-жетілуі оның қанша таңбаға ие болуына байланысты емес, қайта жазулар арасында айқын айырмашылықтар мен корреляциясы бар-жоғына байланысты екенін білуіміз керек. Жазу мен жазу арасындағы айырмашылық өте маңызды. Айырмашылық болғанда ғана сөздерді дұрыс қолдануға болады. Кейбір жазулар кайшу стилінде қатты ерекшеленеді және оларды ажырату қиын. Мысалы: өзіміз дегендегі «自己 zi ji» «jǐ» деп, «辰巳午未 chensiwuwei» «sì» деп, «已经 yǐ jing» «yǐ» деп оқылады, сондықтан мұғалімдер оқушыларға осы иероглифтерді жиі түсіндіреді: «jǐ» жабылмаған, «sì» жабылған, «yǐ» жартылай жабылған деген мағынаны білдіреді. Тек айырмашылығы бар, сәйкестік жоқ әрі таңбалар жүйесін құрай алмайды. Сәйкестік дегеніміз не? Оқуды үйренгенде бәріміз «жазу арқылы сөзді тану» кезеңінен өтеміз. Мысалы, « 材 » сөзінің сол жағында « 木 », оң жағында « 才 », екеуі қосылып, «материал» деген ұғымды білдіреді. «材», «木», «才» деген үш сөз бір-бірімен сәйкесіп, өзара байланысып, бір мағына береді. Сәйкестік дегеніміз – осы. Цзягувэнт жазуы арқылы танылған таңбалардың ішінде бір-бірінен айырмашылығы да, сәйкестігі де бар, иероглифтер жүйесі қалыптасқан. Мұның өзі ұзақ тарихи жинақтау мен ретке келтіруден кейін иероглифтер салыстырмалы түрде жетілгенін көрсетеді. Цзягувэнь жазуларын реттеушілер сол кездегі шежірешілер болса керек. Бірегей пиктографиялық жазулар қарастырғаннан кейін біз қолданыстағы иероглифтердің мағыналарына сәйкес жаңа жазу қалыптастыру үшін мысалдар қарастырайық. Мысал ретінде «Иероглифтер түсіндірмесіндегі» сяочжуаньды алайық. Сяочжуань Циньжуань деп те аталады. Бұл Цинь династиясында Ли Си стандарттаған жазу. Төменде алты сяочжуань жазуына қараңыз:

Бірінші таңбаның сол жағы « 木», оны тез тануға болады. Оң жағындағы «斤», пішіні – ежелгі замандағы балта бейнесінің төменгі бөлігі. Өткен лекцияда біз бұл сөзді таныстырғанбыз. Егер ағаш пен балта қосылса, балтамен ағашты жарсақ, қандай сөз шығар еді? Сараптау «талдау» мағынасын беретін дыбыстық белгісі жоқ сөз шығады.

Екінші жазу бұғыға топырақты қосып, қандай сөзді жазуға болады? Дәстүрлі жазудағы « 塵 (шаң-тозаң)» сөзінің жеңілдетілген « 尘 (шаң-тозаң)» түрі. Есіңізде болсын, неліктен киік шаңды бейнелеу үшін қолданылады? Бұғы – өте жеңіл жүгіретін талғампаз жануар, сонымен бірге ол топтасып өмір сүріп, көбінесе үйір-үйір болып жүгіреді. Бұғылар – қолға үйретуге болатын үйірсек жануарлар. Олардың өн бойы толған қазына. Адамдар оларды ұстап алғысы-ақ келеді, бірақ олар оңайлықпен жеткізбейді. Олардың жерге қалқып барып тиген тұяғынан шыққан шаң басқа қолға үйретуге көнбейтін жыртқыш аңдар қасқыр мен аюдың ауыр тұяғынан әлдеқайда жеңіл болғандықтан, шыққан шаң да баяу көтеріледі. Міне, осыған байланысты «塵» иероглифінің жеңілдетілген нұсқасы « 尘 (шаң-тозаң)». Сяочжуаньдағы «塵» штрихтары тым ауыр. Егер балаға көлденең және тік сызық квадратының ортасынан үш бұғыға қосып бір топырақ иероглифін жаз десең, біртүрлі болар еді. Ал жеңілдетілген иероглифтерді жазу әдісі өте оңай. Мысалы: 小 мен 土 қосылып, «尘(шаң-тозаң)» болып оқылады.

Үшінші жазуға қарасақ, жоғарғы жағы «大 үлкен», төменгі жағы « 火 от» қосылып, Сяочжуаньдағы «赤 қызыл». Қызыл – жалынның түсі, ал ежелгі Қытайдағы қызыл түс – от қатты жанған кездегі жалынның түсі, сондықтан «大» сөзі мен «火» от дегенді білдірді. Кейін ондағы « 大 » сөзінің штрихтары түзетіліп, шеңберге доғаланып, қазіргі формаға келді.

Сіз төртінші жазумен таныс емес шығарсыз. Ол үш иероглифтен тұрады: Біріншісі – « 厂 зауыт», келесі иероглифті де «廠 зауыт» деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ бұл екі иероглиф Сяочжуаньда «hǎn» деп айтылады. Бұл – құзар, тік, яғни өзен жағасындағы жартастардың бейнесі. Жартас астындағы екі таңбаны танимыз. Олар көшет «禾», яғни біркелкі өсетін дақылдар. Төменде ше? Тоқтауды білдіретін «止» – адамның аяғы. Осы төрт жазу бөліктерге бөлінсе немесе біріктірсе, қандай жазуды құрайды? Қытайдың дәстүрлі жазуы «歷 (历)» иероглифі неліктен төрт иероглифтен тұрады? Қытайдың жер бедері бойынша екі таудың арасында өзен болса, өзен бар жерде жартас та бар деген мағынада. Судың жағасында дақылдарды өсіруге болады. Ежелгі адамдардың түсінігінде дақылдар біркелкі өсіп, жабайы шөптерден ерекшеленеді деп қарайды. Суы бар жардың маңайы егіс алқаптары ретінде егінге толы болғандықтан, бұл жерден бір аяқпен өту қисынсыз жағдай. Ал ол жерден қалай өтеміз? Ол жерден біртіндеп кезең-кезеңімен өту – практика, ал тарихта жылдан-жылға, айдан-айға, күннен-күнге бірқалыпты өтіп жатады. Бұдан ата-бабаларымыздың даналығын, « 歷 » иероглифінің қаншалықты ғылыми тұрғыдан жасалғанын3[3] көре аламыз.

Бесінші жазу – күрішті ақтау дегендегі «舂 chōng». Жоғарыдағы бірінші таңба – мезгілді білдіретін «午», бұл форма – «杵 chǔ» үшін бастапқы белгі. Төменде «収 алу» бір қол сол жақта, бір қол оң жақта, екі қол бір-біріне қарама-қарсы тұр. Бұл таңба Сяочжуаньда «ɡǒnɡ» деп оқылады. Екі қолын қусырып, тағы «алу» мағынасын білдірсе, екі қол заттарды ұстап, тағы да «収 алу» деген мәнде. Бұл жазу кайшу стилінде бір көлденең екі нүктеге немесе бір көлденең екі тік сызыққа айналған. Осы жөнінде екі мысал келтірейік. Солдаттың «兵»-нің үстіңгі жағында «斤» бар, ол – солдаттың қолындағы қару, ал төменгі жағында екі қолына қару ұстап тұр. Тағы «弄» бар. «弄» қолдағы нефритпен ойнау дегенді білдіреді. Иероглифтің жоғары жағы нефрит тас, астыңғы жағында екі қол бар. Бұл құрылымдардың барлығы «収» жазуының нұсқалары. Ол қазіргі қытай иероглифтеріне жеке қолданылмайды, бірақ басқа глифтерді қалыптастыру үшін қолданылады. «収» дың астында «臼» күрішті елеу үшін қолданылатын ыдыс бар, бұл Гуансиде осы күнге дейін қолданылады. Осы үш сөздің бірігуінен дәл күріш ақтаудың бейнесі екенін көреміз: екі қол күрішті қағып, елекке салып елеп жатыр, бұл өте әсерлі.

Алдыңғы лекцияда айтқан соңғы жазуымыз – «解», яғни сиырдың мүйізін пышақпен кесу. Осы алты иероглифті түсіндіргеннен кейін, біздің иероглифтердің идеографиялық жазу екеніне одан әрі көзіміз жетті. Олар мағынаға негізделген жазу жасады, яғни бар таңбаларды мағынасына қарай біріктіріп, жаңа иероглифтер жасады. Қытай иероглифтерін бастапқы жинақтау кезеңінде бұрынғы адамдар мағынаға өте сақтықпен қарады. Мағынаға үлкен мән беру, оны мұқият түсіну Қытай мәдениетінің өте маңызды қасиеті деп айтуға болады.

Қытай иероглифтерінің идеографиялық сипаты шексіз. Қытай иероглифтерінің дамуын екі үлкен кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең «көне иероглифтер» деп аталады. Ол көне иероглиф бағытымен жасалған жазулар. Сяочжуань ‒ Цинь әулетіндегі стандартталған жазу жүйесі және ежелгі жазудың соңғы кезеңі. Цинь династиясында шағын мөр жазуы ғана емес, ресми жазу ретінде танымал болған. Сяочжуаньнан кейін иероглифтер өзгерістерге ұшырап, кейін лишу жазуы мен кайшу жазуы пайда болды. Бұл – қытай жазуының екінші кезеңі, яғни «қазіргі иероглифтер». Қазіргі иероглифтер сызықтар арқылы жазылады. Сызықтар жарыққа шығып қалыптасқаннан кейін иероглифтердің пішіндерін сақтау қиынға соқты, өйткені дөңгелек сызықтар арқылы пішінін келтіретін иероглифтер де бар. Алайда иероглифтер әлі де идеографиялар ма деген сұрақ болса, біз еш ойланбастан «иә» деп жауап береміз. Жазудың қазіргі кезеңінде де біз иероглифтердің құрылымынан мағыналық конфигурация сипаттамаларын көре аламыз. Қазіргі жазудан көне жазуға дейін иероглифтер құрайтын компоненттер тек мағынаның графикалық таңбалары ғана емес, компоненттердің бірігу себебі де олардың мағынасында жатыр. Сяочжуань, лишу, кайшу, әсіресе қазіргі кайшу жазуының бәрі де бір бастаудан шыққан. Көне жазудан қазіргі жазуға дейін даму немесе зерттеу болсын, әйтеуір қытай иероглифі идеографиялық сипатын өзгерткен жоқ.

«Қытай иероглифтерінің идеографиялық сипаты және иероглиф неге шаршы таңбалар?» деген сұраққа жауап:

Қытай иероглифтері ағылшын тілінен ерекшеленеді. Ағылшын тілі әріптері сызықтық сипатпен орналасады, ал қытай иероглифтері екі өлшемді кеңістікте жазылады. Иероглифтердің бұл қасиеті оның сипатынан айырылмайды. Идеографиялық жазу әуел бастан мағынасы бойынша құрылымдалған. Ол нысанның бейнесіне еліктеп, объект кескіндерінен белгілер бойынша жинақтаған. Жолбарыс болсын, қоян болсын, барлығында дене, пішін, көлем бар. Егер сіз осы нысандарды жоспарлағыңыз келсе, осылардан болмағанда екі белгі аласыз. Сондықтан жазу қалай дамыса да, алған екі өлшем сақталып, шаршыға ұқсап шыға келеді.

Шаршы таңбалар қытай иероглифтерінің артықшылығы деп есептеледі. Олар екі өлшемді квадраттар болғандықтан, таңбалар арасындағы айырмашылықты көрсетудің көптеген тәсілдері бар. Алдымен, мысал келтірейік:

Жоғарыда көрсетілген сол жақтағы үш таңба сяочжуань жазуымен, оң жақтағы үшеуі кайшу жазумен жазылған. Екі қаріптің құрылымы бірдей, екеуі де «日» мен «木»-дан құралғанын көруге болады. «日» – күн. Бірақ күннің орналасқан орны әртүрлі болғандықтан, құралған иероглифтің беретін мағыналары да әртүрлі. Күн ағаштың ортасында тұрса, яғни дәстүрлі қытай жазуындағы « 東 шығыс». Ежелгі адамдар шығысты бейнелеу үшін орманнан шыққан күн бейнесін қолданған. «日» ағаштың «木» үстіңгі жағына қойылса, бұл – жоғары көтерілген күн «杲», яғни күн шыққаннан кейінгі шексіз жарықты білдіреді. «木» астына қойылған күн «日» тұман себебінен « 杳 » анық көрінбеу мағынасында. Шаршы жазулардың екі өлшемі аясында қытай иероглифтерінің компоненттері салыстырмалы түрде орындары өзгеру арқылы әртүрлі мағыналар беріп, негізгі айырмашылық көрсететінін көрдік. Сонымен қатар сызықтар мен құрылымын салыстырғанда шұбалаңқы ұзақ жазу да азаяды. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы алты тілдегі құжаттардың ішінде қытай иероглифімен жазылған мәтін әрқашан көлемі ең азы дейді. Бұл – осы құрылымның артықшылығы.