Ниң Уаң – Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция (страница 5)
Давеньку мәдениетінің (б.з.д. 4300 – 2200 ж.) қыш белгілеріне тағы бір назар аударайық.
Давеньку мәдениеті соңғы неолит дәуіріндегі типтік патриархалдық әлеуметтік форма. Ол Шаньдун провинциясының Тайань қаласындағы Давеньку елді мекенінің атымен аталған. Таралу аймағы шығыста Сары теңіз жағалауы, батыста Люси жазығының шығыс бөлігі, солтүстікте Бохай теңізінің оңтүстік жағалауы және оңтүстікте Цзянсудың Хуайбэй аймағына дейін созылған. Давеньку қыш белгілерінің әрқайсысына қарасақ, олардың барлығы суретке ұқсайды, сонымен қатар олар кейінірек қазылған ежелгі жазуларға өте ұқсас.
Мацзяо мәдениетінің қыш белгілері (б.з.б. 3300–2100 жж.).
№1-10 белгі – Ганьсу Баньшань, Цинхай Мачан қирандылары, №11-88 белгі – Цинхай Лювань, Леду қирандылары
Мацзяо мәдениеті негізінен Ганьсудағы Хуанхэ өзенінің жоғарғы ағысына және Цинхайдағы Таохэ, Дасяхэ, Хуаншуй өзен су аңғарларына таралған. Ол алғаш рет 1923 жылы Ганьсудағы Линьтаодағы Мацзяо ауылынан табылғандықтан, сол жердің атымен аталған. Мацзяо мәдениеті боялған қыш ыдыстармен танымал. Оның пішіні көп және сан алуан, өрнектері түрлі-түсті. Бұл – дүниежүзіндегі боялған керамиканың даму тарихында теңдесі жоқ мұра. Керамикалық белгілер Яншао мәдениетінің қыш таңбаларымен салыстырғанда пішіндері әртүрлі, бай мазмұнға ие. Оның ашылуы Хуанхэ өзені аңғарында қытайға тән белгілердің шығу тегі бойынша маңызды аймақ екенін тағы бір рет дәлелдеді. Бір таңғаларлығы, бұл белгілердің барлығы ыдыс-аяқ жасалып, кептіріліп болғаннан кейін бояу жағатын щетка сияқты құралдармен сызылып боялған. Біздің ата-бабаларымыз қылқаламды ойлап тапқан дәуірді осы уақыттан бастауға болады.
Соңында Лянчжу мәдениетінің (б.з.б. 3200 – б.з. 2100 ж.) нақышталған белгілерімен таныстырғым келеді. Ол – еліміздің оңтүстігіндегі Янцзы өзені аңғарынан табылған тарихы ұзақ жәдігер.
Лянчжу мәдениеті кезеңіндегі оюланған белгілер
Лянчжу қирандылары Ханчжоудан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде Юхан ауданындағы Лянчжу қаласында орналасқан. 1959 жылы археологиялық қазба жұмыстар табылған бұл өңір сол елді мекен атауымен Лянчжу мәдениеті деп аталды. 1936 жылы байқалған Лянчжу қирандыларының орталығы Тайху көлі аңғары. Қирандылар – ең тығыз орналасқан жер көлдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысы. Ол негізі Лянчжу, Пинъяо, Аньси сияқты үш қаланың арасында орналасқан. Юхан округі – сол кездегі көптеген нысандардың жалпы атауы – соңғы неолит дәуірінде адамдардың қоныстанған жері. Сондықтан қытай өркениеті Хуанхэ өзені алабында пайда болып, кейін Янцзы өзені алабына сәулесін таратқан.
Көпшілікке иероглифтердің шығу тегі туралы түсінік қалдыру мақсатында Давенькудағы қыш белгілер мен көне жазбаларды салыстырып көруге болады. Бұл қыш белгілердің жай-күйі мен стилінен, біз иероглифтердің пайда болуы осы кезеңге өте жақын болуы мүмкін деп есептейміз.
Давенькудағы қыш белгілері Цзягувэнь ертедегі қола жазулар:
Бұл бес қыш белгінің бірінші таңбасы Цзягувэнь мен қола жазудағы «旦(дан)» бір-біріне өте ұқсас. Үстіңгі жағы көтерілген күн, ал төменгі жағы жерден енді ғана шекарасын айырып, шығыс жақтан көтеріліп келе жатқан жарық шеңбер тәрізді. Екінші белгіде бүкіл таңбаның төменгі бөлігі, күннің тау басындағы көрінісі. Бұл таудың алдыңғы таудан артық екі шың бар. Үшінші таңба Цзягувэнь мен қола жазудағы «斤(цзинь)». Цзинь мағынасы ежелгі дәуірден қазірге дейін балта (斧子) деген сөзді білдіреді. Яғни, «斧 » балтаға қатысты әрі оған ұқсайтын «断» «析» мен қатар «斤» де бар. Соңғы екі иероглиф ондық таңба мен жыл есебі деген мағынаны білдіреді. Сонымен бірге олардың формасы бір-біріне таяу келеді. Мұның өзі бұл белгілер өзіміз жасаған иероглифпен байланысты екенін көрсетеді, сондықтан біз оларды жазуға дейінгі құбылыстар, яғни иероглифтердің алдыңғы қайнар көзі деп айта аламыз.
Көптеген қыш белгілер мен иероглифтер арасындағы байланыстан басқа, назар аударуға тұрарлық кейбір түсіндірмелер де бар. Осы жерде мен сіздерге Хэнаньдағы әуесқой археологтың өте құнды мәлімдемесін таныстыра кетейін. Сонымен қатар иероглифтердің шығу тегіне назар аударуды барлығыңызға ескерткім келеді. Яншао мәдениетінің орта кезеңіндегі Мяодигоу қирандыларының орны Хэнань ежелгі Шааньчжоу қаласының оңтүстігінде орналасқан. Бұл алғашқы рулық қауым саналады. Ондағы боялған қыш өрнектер өте талғаммен жасалған. 1980 жылдары Ма Баогуан есімді жас жігіт сол кезеңде боялған қыш ыдыстардағы балық үлгілерді зерттеуге ден қойды.
Төменгі жақ екі қатар – балық пішінді әшекей өрнектер. Бірінші қатар а – боялған қыш ыдыстардағы балық өрнектерінің тік жинағы, b – жалғыз балық бір бағытқа қарап тұр, с – екі балықтың басы бір-біріне қарсы қарап достасу деген мағынада болса, d – цзягувэньдегі «五» таңбасы. «五» мен «午»-дың шығу тегі бір және мағыналары бірдей. Екінші қатарда боялған қыш ыдыстардағы балық – басты өрнек. А – боялған қыш ыдыстардағы балық – басты оюлардың көлденең жинағы. B – бір-біріне қараған төрт балықтың басы, с немесе d – олардың қысқаша жазылуы. Ол Чуньцю дәуіріндегі қола жазудағы « 四 » с-дағы және соғысушы мемлекеттер кезеңіндегі бамбук жазудағы « 四 » таңбасы d-дағы, шыққан тегі бір деп есептейді.
Ма Баогуан да бір болжамды алға тартты. Ол цзягувэнь мен қола жазулардағы «明 (мин)» сөзі де балық басының үлгісінен пайда болған деп есептейді.
Жоғарыдағы екі жол – ертедегі жазу мен қыш өрнектердегі сызба; а, б, және в – цзягувэнь жазуы мен қола жазуы, d, e мен f – балық үлгісіндегі жазулар, олар бірбіріне ұқсайды. «明» балықтың көзін пайдалану арқылы анық, айқын, жарық деген ұғымды білдіріп тұр. «Эръяда (иероглифтердің ең көне түсіндірме сөздігі б.з.д. III-II ғасыр)» «甲», «乙», «丙», «丁» иероглифтері бар, бұл – ең көне пиктограммалар. Боялған қыш жазу, балық үлгісіндегі жазу және ертедегі пиктограммалар жазулар арасындағы байланысты растай ма? Бұл тұжырым ежелгі өркениеттің көпшілігі өзен алаптары мен балық үлгісіндегі жазу мәдениетінде пайда болған деген ойға сәйкес келеді. «Бұл – ежелгі өркениеттің тарихи дәлелі», – дейді академик Го Можо мырза.
Жоғарыда аталған деректер еліміздің сол жылдардағы археологиялық жетістіктерінің аз ғана бөлігі болғанымен, қытай жазуының шығу тегі туралы ізденісті анық байқаймыз. Біздің өркениетіміздің тарихы бес-алты мың жыл шамасында десек, артық айтқандық емес.
Жоғарыда келтірілген төрт дәлелді жинақтай отырып, біз иероглифтердің пайда болған мезгілін болжауымызға болады. Ақпарат бере алатын белгілерден суретті жазуға, суретті жазудан кескін өрнектерге бірте-бірте ауысудан бастап, заттар арасындағы байланыс арқылы идеографиялық элементтер көбейді. Кейін олар ұзақ уақыт бойы баяу дамып, біртіндеп Батыс өркениетінен алшақтады. Үдеріс неолит дәуірінен басталды. Бұл тарихи кезеңді белгілі бір уақыт деп айтар болсақ, ол б.з.б. 4000-3000 жылдар аралығы болуы мүмкін. Егер цзягувэнь уақытын ары қарай жылжытсақ, онда жазу сол кезде пайда болған деп болжауға болады. Қазіргі уақытта біз болжай алатын ең ұзақ уақытқа дәлел – неолит дәуіріне жататын белгілердің шығу тегі ең жоғары шегі немесе біздің эрамызға дейінгі 4000 жылдардағы Яншао мәдениетінің қыш белгілері.
Қытай жазуының шығу тегін анықтау үшін ең жоғарғы шек пен ең төменгі шекті неліктен қолданамыз? Бізге белгілісі, дәуір неғұрлым алыстаған сайын, әлеуметтік даму соғұрлым баяулайды. Біздің бүгінгі таңда аз уақыт ішінде ашқан, ойлап тапқан және жаңартқан нәрселеріміз ежелгі дәуірде ондаған, тіпті жүздеген рет қайталанып жасалған шығар. Ежелгі өркениеттің дамуы баяу жүрді, сондықтан біз қатаң және объективті жоғарғы шекті енгіздік.
Төменгі шек дегеніміз қай кезең? Ең төменгі шек – біздің цзягувэнь. «Құрмет кітабы» – ежелгі тарихи құжаттарды жазып қалдырған қытай классикасы, онда көптеген нақты мәліметтер жазылған. «Құрмет кітабы», қызметшілер жазбасында Батыс Чжоу әулетінің алғашқы жылдарында Чжоу Гонь: «Тек Инь династиясының атабабаларында жазбалар мен қағида болғандықтан, Инь династиясы Сяны күйретіп, Шан әулетін билікке әкелген», – деп жазған. Ся, Шаң және Чжоуды «үш әулет» деп атайды. Ся әулеті – қытайдағы атадан балаға жалғасқан шежіресі толық алғашқы әулет. Сол үшін де Сяның басында, яғни б.з.б. 2100 жылдар шамасында жинақталған қытай иероглифтері болуы мүмкін. Болжам бойынша, иероглифтердің шығу тегінің төменгі шегі шамамен б.з.б. 2100 жылдар шамасы деп отырғанымыз осыдан.
Қытай иероглифтерінің пайда болған уақыт кезеңін шамамен түсіндіру үшін уақыт шкаласын қолданып көрейік. Біртүрлі мәдениет бес-алты мың жылға созылса, ал жазу тарих пен өркениет тасымалдаушы. Ежелгі өркениеттер әртүрлі жерлерде пайда болғанымен, бүгінгі күнге дейін тек қытай иероглифтері үзіліссіз жалғасып келеді. «Қытай жазуының шығу тегі» еңбегіндегі сяочжуаньнан цзягувэнь жазуларын оқып түсінуге болады. Мұндай жағдай ешбір елде жоқ. Бұл жағынан біз тәлейіміз оңынан келген елміз.
Қытай иероглифтерін меңгеру арқылы ғана мыңдаған жылдар бұрынғы классиканы оқып, мәдениетке ие болып, тарихтан сабақ алып келеміз.
Біз иероглифтерді жақсы көруіміз, құрметтеуіміз, үйрену үшін аянбай еңбек етуіміз және түсінуіміз керек. Бұл – қазіргі азаматтардың бойында болуға тиісті ерекше мәдени қасиет. Біз көне иероглифтерді жаңа дәуірдің өміршеңдігімен жарқыратып, оны өз қолымызбен дамытып, әлемге таратып, болашаққа жалғастыра аламыз.