Ниң Уаң – Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция (страница 4)
Қытай жазуының шығу тегі туралы айтар болсақ, тағы бір маңызды аңыз бар, оны айтпай кетуге болмайды. Ол – «Цан Цзе иероглиф жасау жазбасы». Иероглифті Цан Цзе жасаған. Бұл мәлімдеме ежелгі жазбалар мен кітаптарда өте жиі кездеседі. «Хуайнань данышпандарында» былай дейді: «Бұрынғы кезде Цан Цзе жазу ойлап тапқанда аспаннан астық жауып, аруақтар түнде зар илеп жылайды». «Люйши чуньцю» де: «Сижұң күйме жасады, Цан Цзе жазу ойлап тапты, Хоу-цзи егін екті, Гао Яо әділ заң жасады, Куньу қыш ыдыс жасады, Ся Гунь қала салды. Осы алты адам дұрыс әрекет етіп, халыққа пайда жеткізді» деп жазылған. Бұл өнертапқыштар тізімінде «Цан Цзенің жазу ойлап табуы» да бар. Цинь әулетінен шыққан Ли Сы «Жазу бірдей элементтерден тұрды» деп аталатын «Цан Цзе пиан» еңбегін жазған. Ол жалпы саны 3300 сөзден тұрады. Бірінші сөйлемі «Цан Цзе жазу ойлап тапты» деп басталатындықтан, ол «Цан Цзе пиан» деп аталады. Цан Цзе жазу ойлап тапты деген аңыздағы айтылғанның бәрі шындық па, сенімді ме? Біріншіден, Хуанди мен Цан Цзе – екеуі де аңызға айналған тұлғалар. Нақты деректер жоқ болса да, жазумен байланысты өте ертедегі тарих бар, бұл орынды тұжырым. Екіншіден, қытай иероглифтерін жасау бір адамның ғана қолынан келмейді. Ол көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы стихиялы түрде жасап, белгілі бір деңгейге дейін жинақтап, кейін біртебірте саналы түрде қалыптастырған тұжырым. Сюньцзының «Цзе пиан» шығармасында: «Жақсы каллиграфтар көп, бірақ оны тек Цан Цзе ғана қалдырады». Демек, Цан Цзе сияқты тұлғалар бары рас. Жазудың дамып, гүлдену кезеңінде әркім ойлап тапқан жазулар көп болуы мүмкін. Мысалы: Сіз «маймыл» мағынасын білдіретін иероглифті ойлап тапсаңыз, мен «қоян» мағынасын білдіретін иероглифін ойлап таптым, ол «жолбарыс» мағынасын білдіретін иероглифті ойлап тапты дегендей... Цан Цзенің жұмысы тек «бірді» «бір» деп реттеу болған. Осылайша Цан Цзенің жазу ойлап табуы туралы аңыз ақылға қонымды. Цан Цзенің жазу жасауы деген теория аңызға айналғанымен, императордың тарихшысы Цан Цзе Қытай өркениетінің өкілі ретінде бағаланып, бәрі құрметтейтін иероглифтің шығу тегінің символына айналды. Оған ғибадатханада тілеу тілеп, құрмет көрсету – біздің жазуымызға, өркениетімізге деген құрметтің бір түрі.
Үшіншіден, бұл сілтемелер мен аңыздарды ертедегі қытай иероглифтері арқылы растауға болады. Енді иероглиф пайда болған кездегі жағдайды түсіндіре алатын кейбір таңбаларды қарастырайық.
Ең алдымен, «өз айналаңдағы заттар мен құбылыстарды бақылап, мәселелерді шешкенде немесе өзін жетілдіргенде тек өзіне ғана сүйеніп қоймай, сонымен қатар сыртқы ортадан және басқа адамдардың тәжірибесінен үйреніп, көмек алу керек» дегендей, өзімізге таяу жерден иероглифтің жасалу формасын іздейік. Алыстан арбалау дегеніміз – көрген нәрселердің сыртқы бейнесіне қарап иероглиф жасау. «Шуовэнь Цзецзы» кітабында құстар мен аң іздері бір-бірінен парықты екені айтылады. Алдымен, « 番 » деген сөзге тоқталайық. «Шуовэнь Цзецзы» жазбасында « 番 » сөзін былай түсіндіреді: «番 – жануардың ізі деген иероглиф. 番 иероглифінің төбесіндегі 釆 аң тырнақтарының пішініне ұқсас, ал астындағы 田 аң аяқтарының формасын білдіреді».
Осы төрт иероглифтің бірінші таңбасы – Чжоу әулетінің қола жазуы, екінші таңба – Сяочжуань, үшінші таңба – соғысушы мемлекеттер дәуіріндегі көне жазу, төртінші таңба – ежелгі жазу «又» иероглифі. Алдымен, көне жазуларға назар аударайық. Ежелгі иероглифтерде «қол» сөзі «又» иероглифі екенін байқасақ, Чжоу дәуіріне келгенде адамның қолы мен мал аяғының бір-бірінен ажырағанын аңғарамыз. Қола жазулар мен сяочжуань жазуларында астындағы табан пішінін алып тастасақ, үстіңгі жағы да табан ізіне келеді, яғни табанның ізі жерге басылып тұр. Егер « 釆 » мағынасына көбірек назар аударсақ, бұл сөздің оқылуы мен беретін мағынасы «辨» бірдей екенін білуге болады. Бұл иероглифті басқа иероглифке өзгертсек, «саралау» мағынасын бөліп көрсетуге болады. Мысалы, «番» иероглифінің төбесіне « 宀 » кілтін қойсақ, дәстүрлі қытай иероглифіндегі «тексеру мағынасын білдіретін 審» болады. Оның мәні құстар мен жануарлар ізін ажырату үшін пайдаланған алғашқы адамдардың өмірін білдіріп қана қоймай, сондай-ақ олардың табиғатта өмір сүре жүріп дамыған мәдениетін де көрсетеді. «Өз айналаңдағы заттар мен құбылыстарды бақылау, мәселелерді шешкенде немесе өзін жетілдіргенде тек өзіне ғана сүйеніп қоймай, сонымен қатар сыртқы ортадан және басқа адамдардың тәжірибесінен үйреніп, көмек алу» әдісі бойынша, бұл лекцияда біз ең алдымен ертеректе болған сауыт сүйек жазуларымен танысамыз.
Жоғарыдағы сегіз иероглиф «өз айналаңдағы заттарға» жатады. Түсіндірсек: цзягувэньде көлденең орналасқан «目» мен тігінен орналасқан «目» екеуі де «көз» деген мағынаны білдіреді, бірақ тігінен қойылған көз төмен қарап тұрғанды білдіреді. «止» аяқты бейнелейді. « 又 » мен « 爪 » екеуі де адамның қолын білдіреді. «自» адамның мұрнын сипаттайды. «Адам дене мүшесіне байланысты» сөздерді дәл адамның сол мүшесіне ұқсатып жасаған таңба.
Бұл – сегіз иероглиф жоғарыдағы иероглифтерді пайдаланып, үстіне мағына қосып жасалған таңбалар. «直» мен «目» қосылып, «тіке қарау» дегенді білдіреді. «相» ағаш пен көз «目» қосылып, «қарама-қарсы» деген мағынаны білдіреді. « 韦 » қаланы айналған екі аяқ ( 止 ) сызылған, бұл «қоршау» дегенді білдіреді. «正» бір аяқпен (止) қалаға қарай ілгерілейді. Бұл «тура» немесе «жазалау» дегенді білдіреді. «兴» төрт саусақты жайып, жоғары көтеру көңіл өскенін, ұру, соғу, қағу мағынасын білдіретін «攴»-ны қосу арқылы туындаған «教» оқыту мағынасымен қатар қаузау мағынасын да білдірген. « 受 » екі қолмен «беру және алу» дегенді білдіреді.
Төменде «өткенімізге үңілуге» талдау жасай отырып, сүйек пен тасбақа сауыттарына жазылған сәуегейлік жазу цзягувэньді қарастырайық.
Бұл иероглифтердің барлығы адамнан басқа табиғат әлемінің бейнелерінен жасалған: «鸟(құс)»-тан сайрау, шақыру мағынасын білдіретін « 鸣 »-ді туындатқан. «角» мүйіз мағынасынан ағыту, шешу деген мағынаны білдіретін «解» иероглифін туындатқан. Ағаш мағынасын білдіретін « 木 » иероглифінен үзу, жұлу мағынасын білдіретін« 采 » иероглифі жасалған. Күн мағынасын білдіретін иероглиф «日»-дан таңертең, таңсәрі деген мағынаны білдіретін «旦» иероглифі жасалған. Иероглиф жасау кезінде қолданылатын бейнелерді «үлгі» деп атаймыз. Табиғаттан алынған бейнелерден жасалған бұл иероглифтер ең ерте кезеңде, яғни қытай иероглифтерінің ұзақмерзімді даму барысы деген болжам бар. Бұл иероглифтерді түсінгеннен кейін біз қытай таңбаларының шығу тегі жағдайына нақты талдау жасай аламыз.
Төртінші, қазба жұмыстарына негізделгенде, қытай иероглифтерінің шығу тегіне қатысты археологиялық деректер кездескен. 1980 жылдардан бері елімізде археологиялық жұмыстар айтарлықтай дамып, бізді мыңдаған жылдар бұрынғы өркениетті бақылауға көмегін тигізетін деректердің үлкен көлемімен қамтамасыз етті. Қытай иероглифтері айналымға ене бастағанда, жіп түю арқылы ақпаратты берудің тәсілдері өз маңызын біртіндеп жойды. Осы кезде жазу бірте-бірте дыбысты естелікке алу рөлін атқара бастады. Енді сіздер қытай иероглифтері қашан пайда болды деп сұрайсыздар. Цзягувэнь жазудың шығу тегі ме, егер Цзягувэнь жазудың шығу тегі болса, онда оның бастауы қайда? Археологиялық деректер сан алуан нысандарды ашып, көп деректі растап, бірталай жәдігерлерді қазып алып, сан мыңдаған мәліметтерді растады. Ең бастысы, көптеген белгілерді тапты. Жазу – айтқан сөзді қағаз немесе басқа затқа түсіріп алатын таңбалар, сондықтан бастапқы таңбалар қандай сөздерді естелікке алып, қалай жазуға айналды? Сурет жазу емес, белгі мен еркін салынған кескін екеуі екі түрлі дүние. Дыбыс пен мағына біріктірілгенде ғана тілдегі сөздерді жазып алуға, оқуға және айтуға болады. Сонда ғана бұл белгілерді жазу деп айта аламыз. Бастапқыда біз иероглифтерді бір-бірден жинадық. Тарихшылар олардың мәнін шешкеннен кейін барып иероглифтер көбейді, осы кезде жазу пайда болды. Археологиялық қазба деректерде материалдар өте көп, бірақ біз олардың тілмен дәлме-дәл байланысын және бір-бірімен туыстық қатынасын дәлелдей алмаймыз әрі бұл таңбалар жазудың анықтамасына сәйкес келмейді. Оларды біз «жазудағы алғашқы құбылыс» деп қана атай аламыз. Жазудағы алғашқы құбылыстың мәні мынада: бұл белгілер жазумен байланысты, оларды қытай иероглифтерінің бастапқы жасалу кезеңі деп болжауға болады, бірақ жазу деп кесіп айтуға болмайды.
Көпшіліктің осы жазулар туралы қандай да бір түсінігі болуы үшін мен төрт түрлі белгіні сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Қазылып алынған материалдар негізінен осы дерек табылған жердің атымен аталады.
Алдымен, Қытай аумағындағы неолиттік археологиялық мәдениет бойтұмарларының бірі Яншао мәдениетіне (б.з.б. 5000–3000 жж.) тоқталайық:
Яншао мәдениеті – Хуанхэ өзенінің орта аңғарындағы неолит дәуірінің маңызды өркениеті. Ол 1921 жылы Хэнань провинциясы, Саньмэнься қаласы, Мяньчи округі, Яншао ауылынан табылғандықтан, Яншао мәдениеті деп аталды. Ол шамамен б.з.б. 5000 жылдан б.з.д. 3000 жылдарға тәуелді. Хуанхэ өзенінің орта аңғары мен бүгінгі Ганьсу провинциясынан Хэнань провинциясына дейін созылған. Қазір Қытайдан табылған мыңдаған Яншао мәдени жәдігерлері бар, ең көп табылған жер – Шэньси провинциясы елдегі Яншао мәдени жәдігерлер санының 40%-ын құрайтындықтан, Яншао мәдениетінің орталығы есептеледі. Шэньси провинциясы Хуанхэ өзен аңғары мен Хэтао аймағына орналасқан. Ол – жері бай, түрлі өнімдер өнетін жер болғандықтан, көптеген оюланған белгілер табылған орын. Бұл белгілер жазуға өте ұқсайды және символдық функциясы бар болғандықтан, бізге біраз мәлімет беруі мүмкін, бірақ белгі пішіні және дыбыс пен мағына арасындағы байланысты кейінгі жазбалардан зерттеу қиын, сондықтан оны тек жазуға дейінгі құбылыс деп санаймыз.