18+
реклама
18+
Бургер менюБургер меню

Ниң Уаң – Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция (страница 3)

18

Өз бетінше дамыған жазудың екінші түрі – баршаға таныс Египеттегі әйгілі Ніл өзені аңғарында пайда болған жазу. Біздің дәуірімізге дейінгі 3000 жылдар шамасында алғашқы билеуші әулет кезінде Египетте қасиетті жазбалар болған. Оның құлпытас жазуы, иератикалық жазу және жалпыхалықтық жазу деген үш нұсқасы болған. Құлпытас жазуы стилі бастапқыда жекелеген оқиғаларға талғаммен жазылып, кейін жалпыға танымал болған, ол пирамидалар мен храмдардың тас қабырғаларына қашалған немесе тас құралдар мен қыш ыдыстарға өрнек ретінде салынғандықтан, салтанатты ресми стильге айналған. Бұл сонымен қатар үш түрлі нұсқаның жалпы атауы есептелетін Египет иероглифі. Қаріп белгісі суретке ұқсайды, бірақ пиктографиялық функциясы жоқ. Иератикалық жазу – діни жазу, негізінен діни жазбаларды жазу үшін қолданылады. Жалпыхалықтық жазу – эпистолярлық жазу немесе құлпытас жазу стильдерінің жеңілдетілген түрі.

Шумер сына жазуы

Египет иероглифі

Крит (Греция) сызықтық жазуы А

Крит (Греция) сызықтық жазуы Б

Тасмания губернаторының жергілікті тұрғындарға кескіндеме арқылы Бейбіт келісімге келуі, егер келісе алмаса, салдарын көрсеткен суретті хаты.

Солтүстік Америка үндістерінің кескіндеме мәтіндерінде дерексіз ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын символдық бейнелер: 1 - өмір (аңызға айналған мүйізді жылан); 2 - өлім (басын төмен түсірген жануарлар немесе адамдар); 3 - бақыт, сәттілік (тасбақа); 4 - ептілік (а екі қолдың орнына екі қанаты бар адам); 5 - соғыс (жебелері бар садақ); 6 - бейбітшілік (қауырсыны бар бейбіт түтік); 7 - бейбітшілік (адам бейбітшілік шылымын шегеді); 8 - достық (қолдар біріктірілген); 9 - сүйіспеншілік (бір-бірімен байланысқан жүректер); 10 - назар аударыңыз, тыңдаңыз (екі құлағыңызда толқынды сызықтары бар бас); 11 - қауіп (екі жылан); 12 - қорғаңыз (ит); 13 - дұға етіңіз (қолыңызды көкке көтеріңіз) және құдайлар).

Грекияның Крит аралында шағын және қысқа өзендер көп. Осы Грек өркениетінде Криттен шыққан екі түрлі өз бетінше дамыған жазу болды: Оның бірі – А, яғни біздің эрамызға дейін 3000 жыл жасаған крит сызықтық жазуы, жазудың бұл түрінің әлі күнге дейін құпиясы ашылған жоқ. Екіншісі – В, шамамен б.з.д. 1650 жылдар пайда болған крит сызықтық жазуы. Бұл жазудың құпиясы ашылды. Ежелгі грек сарайында жүйеленбеген кейбір пиктограммалық жазулар әлі күнге дейін бар.

Біздің қытай жазуы осы ежелгі өз бетінше дамыған жазулардың қатарына кіреді. Иероглифтер Хуанхэ өзені мен Янцзы өзені аңғарында пайда болған. Қазір оның жасалған уақыты біздің дәуірімізге дейінгі 4000–3500 жылдар шамасында, жоғарыда аталған ежелгі жазулармен бірдей тарихи кезең деп есептеледі.

Қытай жазуы пайда болғанда қандай күйде болды? Оны кейбір батыс жазуларымен де салыстыруға болады. Солтүстік Америка мен Австралияда жазу пайда болудан бұрын, жазудың орнына, яғни кескіндеме өнерінің интуитивтік қасиеті мен бейнесін пайдаланған. Толық мағынаны жеткізу үшін сызбаны неғұрлым егжей-тегжейлі сызып берсе, екінші тарапқа берілген ақпарат соғұрлым көп және дәлірек жеткен. Сөйтіп, хабарламаны жіберуші мен қабылдаушы арасында жақсы байланыс орнатқан. Төменгі жақтағы сурет – Австралияның Тасмания губернаторының жергілікті тұрғындарға жазған хаты. Алғашқы екі картина татуласуға деген үмітті білдіреді, ал соңғы екі картина татуласуға қол жеткізе алмаса, салдары жаман деген мағынаны білдіреді2[2].

Төменгі сурет – мәтіндік суреттен бір суретке біртіндеп ауысқан кез. Бұл жерде жеке кескіндерді біріктіріп пайдалануға болады. Кейін осы кескіндемелер біртіндеп дамып, ертедегі пиктограммалы жазуларға айналды. Ең маңызды өзгеріс – тікелей тілдің символы болып, түсінікті әрі оқылатын дәрежеге жетті. Сонымен қатар оның жалпы көрнекілігін талдағаннан кейін, бір формадағы сөз болды. Бұл – солтүстік америкалық үндістер абстрактілі ұғымдарды білдіру үшін қолданатын символдық сурет. Ол болмысты жазуды қойып, суретке сәйкес келмеген ұғымды түсіндіретін мағынасы бар, дыбысы жоқ үнсіз тілге айналды. Осылайша оны ертедегі пиктографиялық жазуға көшу формасы ретінде қарастыруға болады.

Алайда қытай иероглифтерінің пайда болу кезеңінде табылған мәдени жәдігерлерде мұндай сөздік кескіндемелер кездеспеді, тек мағынасы көрсетілетін жекелеген суреттер ғана ұшырасады. Кейінірек олар дамып, қытай иероглифтерінің бір бөлігі саналатын пиктографиялық жазуларға айналған.

Екінші – қытай жазуының шығу тегі туралы жазба деректерге сүйене отырып қорытынды жасау. Көптеген жазбаларға, ресми тарихи фактілерге немесе нақты тарихи деректерге негізделу керек. Олардың кейбіреулері аңыздар, тіпті мифтер болуы мүмкін. Мифтер, әрине, шынайы тарихи факті емес, бірақ мифтер мен аңыздар көбінесе нақты тарихтың көрінісі. Көптеген мифтер мен аңыздардың пайда болуының белгілі бір тарихи алғышарты бар, сол үшін де біз оның көмескі мағынасына талдау жасауымыз керек. Сонда ғана бұл мифтер мен аңыздар бізге беймәлім уақыттың сәулесін түсіре алады. Қытай иероглифтері пайда болған кезде қандай формада болды? «Суреттен пайда болды» деген сөз бар. Бірақ бұл сурет аяқастынан бір күнде жазуға айнала салған жоқ. Қайта адамдар табиғат әлемін бақылап, табиғат әлемінің кейбір құбылыстарына әсер етіп, осы табиғи нысандарды мұқият бейнелеу арқылы қорытынды жасады. Мысалы, мен қоянды айтқым келсе, қоянның бейнесін саламын. Егер бір итті айтқым келсе, итті сызамын. Ағаш туралы айтайын десем, ағаштың суретін саламын... Сонымен «Шуовэнь Цзецзыға кіріспе» еңбегінде бірнеше сөйлем бар: «Ежелгі заманда Пао Си әулеті дүниені билеген», «Жоғары қарап аспанды бақылаған». Бұл жерде күнді, айды және жұлдыздарды бақылау үшін аспан әлемін зерттеді дегенді білдіреді. «Жер жүзін байқау үшін төмен қарады», яғни жердегі ағаштарды, гүлдерді, шөптерді және жануарлардан бастап, заттардың өзгеру заңдылықтарын көрсетті дейді. Бұл үзінді «Өзгерістер кітабы» деген ежелгі жазбадан алынған. Бастапқыда сегіз триграмманың шығу тегі туралы болды. Бұл – жазу туралы өте әйгілі «Шуовэнь Цзецзыға кіріспе» кітабының алғы сөзінде иероглифтердің шығу тегіне жанама түрде айтылған кіріспе. Өз әлемін білдіруге ұмтылған жазу жасау шеберлерін не шабыттандырды? Бұл аспандағы күн, ай, жұлдыздар мен жердегі аң, құстардың іздері шығар. Ертедегі адамдар күн, ай, жұлдыз, құс, аңдардың ізіне неліктен соншалықты мән берген? Өйткені алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың еңбек өнімділігі төмен болған. Ауа райы мен географиялық жағдайға байланысты жазық далада, тауда, орманда, өзендерде түнеп, жануарлармен етене өмір сүрген. Ауа-райының қолайлығы адамдардың өмір сүруіне жағдай жасаған. Жануарлар жыртқыш па, жоқ, қолға үйретуге ыңғайлы ма мұның барлығы олар үшін маңызды болған. Жолбарыс, қасқыр, аю және басқа да жыртқыш аңдардан қорғанып, оларды ұстау үшін көп адам керек еді. Бірақ қой немесе бұғы сияқты шөпқоректі зиянсыз аңдар немесе құстар мен жәндіктерді тамақ ретінде пайдаланды әрі олармен бірге өмір сүрді. Жануарлардың іздері олардың қайда жүргенін анықтайтын сигнал болды. Бұл сигналдарды келісілген белгіге айналдыру – табиғи заңдылық. Сондықтан «Өзгерістер кітабында» «біз адам организмі мен сегіз триграмманың байланысын зерттеп ашамыз» делінген, бұл – адамзаттың жазуды ойлап тапқанымен бірдей жаңалық.

Лису ұлты есеп жүргізу үшін жіп түю әдісін пайдаланған

Перу тұрғындарының жіп түю туралы жазбалары

Сонымен жазу жарыққа шығардан бұрын біз заттарды қалай есте сақтап, қалай жаздық? «Жіп түю теориясы» – өте сенімді аңыз. «Өзгерістер кітабы ақиқатынан» бастап «Ю Чжэн Цзюцзя И» жазбаларында «Ежелгі адамдарда жазу болған жоқ, бірақ олар уәделері мен анттарын жіпті әртүрлі түю арқылы есте сақтады, адам санына қарай жіптен түйін түйді» деген деректер бар. Бұл үзіндінің мәні: адамдар өмірі күрделілене түскенде, есте сақтау қажет болғанда, жіпті түйіп, түйіндерді қолданған... Үлкен оқиғаларды үлкен түйінмен, ал кіші нәрселерді кішкентай түйінмен білдірген. Жіпті түйіндеу тарихи деректер ғана емес, оны дәлелдейтін мәдени жәдігерлер. Еліміздегі кейбір аз ұлттар әлі күнге дейін осы жіп түю әдісін қолданып келеді. Лису ұлты есеп жүргізу үшін жіп түю әдісін пайдаланады. Хани ұлты қарызға ақша алған кезде бір түйінді ұзындығы бірдей екі жіппен байлайды және әрқайсысына талон ретінде бір түйін қояды. Наси ұлты мен Пуми ұлты да хабар жеткізу үшін жүн жіп пайдаланады... Басқа елдерде де жіп түю салты бар. Мысалы, Перу тұрғындары көлденең тартылған арқанға көптеген тік жіп іліп, әр жіптің түсін әртүрлі бояп, түрлі оқиғаларды есте сақтайды. Алайда біздің іздегеніміз есте сақтаудағы айырмашылық. Қоғамның дамуымен салыстырғанда жіп түюдегі айырмашылық кез келген жағдайға жеткіліксіз. Егер есте сақтауға тиісті заттар көп болса, түйін түю түсініксіз болып, қате түсініктер туындайды. Сондықтан «Шуовэнь Цзецзыға кіріспеде» былай дейді: «Шэньнун (егіншілік пен медицинаның қамқоршысы) өз істерін басқару мақсатында жіп түйгенде, қарапайым халықтың жұмысы күрделеніп, көлгірсу белең алды». «Қарапайым халықтың жұмысы күрделенді» деген не? Жұмыс көбейсе, түйетін жіптің түйіні де көп болады деген сөз. Қай түйін, қай оқиғаны түйгенін есте сақтау қиын. Сондықтан да жазу теориясына қатысты өте әйгілі «Вэнь синь дяо лун» кітабына «Түйілген жіп – жазудың кескіні. Құстың ізі құсап, жазба ісі жазылады» деп жазылған. Кейін жіп түю әдісі жеткіліксіз болғандықтан, адамдар жазуды ойлап табуға ынталы болған. Тек жазу ғана ақпарат жинау, сақтау және беру функцияларын орындай алған. Бұл пікір айтарлықтай сенімге ие.