Ниң Уаң – Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция (страница 1)
Ниң Уаң
Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция
«ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАРЫ»
1[1]
ТОПТАМАСЫНА АЛҒЫ СӨЗ
Ұлттық кітапхана директоры Хан Юнджин
«Мәдениет дегеніміз – мемлекеттің, ұлттың рухы. Мәдениет бір елді жаңғыртып, бақ-дәулетін асыру арқылы ұлтты кемелдендіреді. Қазіргі Қытайда мәдениет ұлттық бірлік пен жасампаздықтың негізі. Керемет кейіптегі мәдени өнімдер халқымыздың рухани қажеттіліктерін өтеуге, қытайлық ерекшелігі бар социалистік мәдениетті дамытуға, қуатты социалистік мәдениетті мемлекет құруға, әлеуметтік және мәдени сұраныстарды ұтымды көтеруге, қоғамға қажет мәдениетке жетекшілік етуге, кітапханалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ кітапхананы «Си Цзиньпин идеясын үйретуге арналған мобильді қосымшамен» үйлестіретін өмір бойы білім беру платформасына айналдыруға және соның нәтижесінде сұранысқа сай қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу кеңістігін құруға қатысты шешімдер қабылдауға түрткі болды.
2014 жылы сол кездегі ҚКП Орталық Комитет үгітнасихат министрінің орынбасары Хуан Куньмин жолдас кітапханамызға қызметтік іссапармен келгенде, Ұлттық кітапхананы интернет дәуіріндегі көпшілік кітап оқитын үлкен кеңістікке бейімдеу керегін, «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курстарын» ұйымдастыру арқылы мемлекеттік интернет-оқу платформасын жүзеге асыру идеясын айтты. Бұл Ұлттық кітапхананың өтпелі кезеңдегі уақыт сынымен бетпе-бет келген даму бағдарламасына сәйкес келеді. Осы мақсатта Ұлттық кітапхана дайындалған құжат топтамалары негізінде мәдени-ағарту дәрістерін өткізудің нақты тәжірибесін жүйелі түрде қорытындылады. Кең ауқымды «Ашық онлайн курстар» тұжырымдамасын негізге алып, 2015 жылы 23 сәуірде «Дүниежүзілік кітап күні көрмесі» өтті. Сонымен қатар «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсы» жүзеге асырылды және интернет дәуірінде жоғары сапалы онлайн білім беру, оқу платформасын қалыптастыруға, сол арқылы көпшілікке кітап оқуды белсенді насихаттауға, білім алушыға ашық қоғам қалыптастыруға ұмтылды.
«Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курстары» Қытайдың дәстүрлі мәдениетіне мұрагерлік етіп, оны әріқарай жалғастыруға, социалистік негізгі құндылықтарды қалыптастыруға, ұлттық стратегияларға қызмет етуге, өмір сүру сапасын арттыруға бар күшін салып, оны басты бағыт етіп, оқырмандарды рухани ізденіс жасауға шабыттандырады. Осы тақырыпты насихаттау арқылы көпшілікті ынталандырып, қоғамның құндылық бағдары мен эстетикалық талғамын насихаттауға талпыныс жасалды.
«Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсының» лекция мазмұны: оқыту, жоспарлау, түсіндіру, коммуникация сияқты төрт құрылым негізінде тереңдетіп оқытылатын пәндерді егжей-тегжейлі толық қабылдау және әртараптандырылған нысаны бар ұлттық жүйедегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жасау. Оның мазмұны – Қытайдың дәстүрлі тарихи мәдениетінің басты тақырыптары мен негізгі білімдерін қамту.
«Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсының» сипаты кітапхана архивінде жатқан құжаттар жинағына негізделіп, әртүрлі салаларда маңызы бар білікті оқытушыларды, сарапшыларды лектор ретінде шақырып, лекция оқыту арқылы Қытайдың дәстүрлі мәдениетінің идеялық құндылығы мен тарихи даналығын талдап, зерттеп, осы саладағы білім мен ақпаратты жүйелі түрде халыққа жеткізу, қазіргі өркениетті қоғамның мәдениетке деген құрметі мен қадірін арттыру.
«Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсы» ашықтық, еркіндік, әртүрлілік және интеграция ұғымдарын ұстанып, онлайн және офлайн техникалық құралдарды біріктіру арқылы Қытайдың арғы заман жазба деректері мен құжаттарын жалпыға түсінікті формада жаңа дәуірге бейімдеуге ұмтылады.
Екі жылдан астам мұқият өңдеуден өткеннен кейін «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсы» әуелде салыстырмалы түрде толық жоғары сапалы курс жүйесін қалыптастырды. Мазмұны жағынан классикалық оқу, тарихи мәдениет, Жапонияға қарсы соғыстың тарихи фактілері, материалдық емес мәдени мұраны қорғау, музыка тыңдау, балалардың білім алуы, бос уақытты мағыналы өткізу сияқты көптеген кәсіби салаларда 1000-нан астам жоғары сапалы лекция оқылды.
Арнайы курстардың тікелей түсіріліміне 15 миллион адам қатысты: олардың 8,3 миллионы онлайн оқырман және 1,2 миллионы радиотыңдарман. Атап айтқанда, Дәстүрлі мәдениет мұрасы, «Бір белдеу – бір жол» жобасы және Жапонияға қарсы соғыс пен Дүниежүзілік антифашистік соғыс жеңісінің 70 жылдығын атап өту, Қытай жазуы мен мәдениеті, Жібек жолындағы жібектер, Аспан мен жер үйлесімі және Дао ілімі – Гуцинь мәдени рухы, Жапонияға қарсы соғыс және Жапонияны соғыстан кейін жазалау, Кун операсы, Қытайдың ұлы өнертабыстары сияқты тамаша лекциялар қоғамның барлық топтары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі, Мәдениет министрлігі «Ұлттық кітапхананың ашық сабақтарына» үлкен мән беріп, оны жоғары бағалап, аудиторияны үздіксіз кеңейтуге, дәріс сапасын үнемі арттырып, әдістәсілдерді жаңартуға құлшынады. Сонымен қатар Қытайдың дәстүрлі мәдениетін мұра етіп, оны алға жылжытатын, негізгі социалистік құндылықтарды дамытатын, оқырмандар мен аудиторияға ағартушылық пен білім алуға мүмкіндік беретін тамаша платформаға айналдыруды Ұлттық кітапханаға тапсырды.
Болашақта «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курстары» Қытайдың дәстүрлі мәдениетінің негізгі мазмұнына тоқталып, ұлттық жалпы білім беруді ілгерілетіп, баршаға кітап оқуды насихаттап, білімді ұлы мемлекет құруға қызмет етеді. Біз оқу жоспарын құрып, платформаны жаңарту және оңтайландыру, байланыс арнасын кеңейту арқылы жаңа серпілістерге және жаңа жетістіктерге ұмтыла отырып, кітапхана қорындағы коллекциялық ресурстарды тауып, шығармашылық инновацияларды енгізуді жалғастырамыз. Әсіресе «дүниежүзілік компьютерлік желі» аясында іздеу жүйелері сияқты сервистік терминалдармен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі зерттеп, дәстүрлі және жаңа медиа платформаларын өзара кеңейтіп, ортақ білім алатын оқу қоғамдастығын құрамыз. «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курстарын» ел ішіне және шетелге тарату мен ілгерілетуді кеңейтеміз және бренд қалыптастырып, үш өлшемді жүзеге асырамыз.
Бұл жолы біз «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсының» сапалы түсірілімдерін бірінен соң бірін жинақтап жарияладық. «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсын» неғұрлым бай және сапалы мазмұнмен халыққа көбірек таныстыруды мақсат еттік. Атап айтқанда, кітапқа QR-код түріндегі білім қауымдастығы қосылды. Оқырмандар оқу кезінде QR-код арқылы ашық сабақтың бейнежазбаларын көріп, олармен байланысты анықтамалық материалдарды да алады. Осылайша біз курстың танымалдылығын, көркемдігі мен шығармашылығын, адамдардың қызығушылығын біріктіріп, оқырмандарға мәдени элементтер мен көркемдік талғамға толы қиял кеңістігіндегі біліктілігі жоғары курсты ұсына алдық деп ойлаймыз.
«Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсы» сериясын шығару жобасы «Өмір. Кітап оқу. «Жаңа білім» – «Саньлянь» кітап дүкені тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Ол «Оқырмандарға шын жүректен қызмет ету» ұраны мен «Гуманистік рух, ақыл-парасат» рухын ұстанады. Бұл кітаптар сериясының рухани ізденісі мен мәдени сипатына сай. Ұлттық кітапхана мен «Өмір. Кітап оқу. Жаңа білім» – «Саньлянь» кітап дүкенінің дәстүрлі мәдениеттің мұрагері мен дамуының терең жинақталуы оқырмандарға жоғары сапалы рухани өнімдерді бірлесіп ұсынуға көмектесетіні сөзсіз.
Бейжің, 2017 жыл
«ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАРЫНА»1 КІРІСПЕ СӨЗ
ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫ ХАН ЮНДЖИН
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман, қымбатты көрермен!
Мен Қытай мемлекеттік Ұлттық кітапхана директоры Хан Юнджинмін. Ұлттық кітапхананың «Ашық онлайн курсына» қош келдіңіздер!
Кітапханада ежелден қоғамдағы білікті, беделді тұлғаларды лекция оқуға шақыру дәстүрі бар. Учан Вэньхуа кітапханасы – осы замандағы Қытайда ашылған ең алғашқы әлеуметтік кітапхана. 1920 жылы кітапхана әртүрлі баяндамалар мен дәрістер өткізу үшін Ситу мемориалды залын ашты. Оқырман үшін лекция ықшамдалған, өте көрнекі, интуитивті форма. Лекция – белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндап түсіндіру, оқырман алдында баяндама жасау, арнайы тақырыпқа сілтеме беру. Бір лекция – бір адамның өмірлік ізденістерінің нәтижесі әрі өмірінің мәні. Сондықтан да бұл лекциялар оқырмандар арасында өте танымал.
Қазір бұл лекция еліміздегі барлық деңгейдегі кітапханаларда жиі жүргізілетін әлеуметтік білім беру ісшараларының біріне айналды. Ол ұлттық сапаны арттыруда, ғылым мен білімді насихаттауда, Қытай мәдениетін таратуда белсенді рөл атқарады. Барлық деңгейдегі кітапханалар әлеуметтік мәні бар көптеген таңдаулы лекцияларды мұқият жоспарлап, әзірледі. Мысалы, Ұлттық кітапхананың «Дарындылар форумы», «Ұлттық кітапхана форумы», Хубэй провинциясы кітапханасының «Янцзы форумы», Шэньчжэн кітапханасының «Оңтүстік оқу бөлмесіндегі кешкі әңгіме», Гуанчжоу кітапханасының «Янчэн академиясы», Далянь кітапханасының «Байюнь академиясы», т.б. Бұл айтулы ісшаралар барған сайын қала өміріндегі бірегей мәдени символ ретінде жұртшылық кітап оқуды аңсайтын орынға айналды.
Қазіргі уақытта интернеттің тез таралуынан бастау алған жаһандық ақпараттандыру толқыны баршаға қолжетімді болды. Тәуелсіз және өмір бойы білім алу барған сайын жаңа дәуірдің сәніне және көптеген адамдардың ішкі рухани ізденісіне айналды. Интернетке негізделген жаңа да интерактивті оқыту мен білім беру моделі – «MOOC» пайда болды. «Ұлттық кітапхананың ашық онлайн курсы» – Ұлттық кітапхананың «MOOC» концепциясына сүйену арқылы лекция оқу қызметтерінің трансформациясы мен дамуына жәрдемдесу үшін «Интернет+(интернеттің ұтқырлығы мен кең таралуы, дәстүрлі салалармен интеграциясы)» техникалық құралдарын пайдалану мақсатында қолға алған инновациялық шара жүзеге асты.