реклама
Бургер менюБургер меню

Патрик Ленсиони – Топтың бес ақаулығы: Басшылық туралы мысал (страница 3)

18

Олардың қарым-қатынасының көп бөлігі әлеуметтік, отбасы, мектеп және жергілікті спорт төңірегінде болатын. Кэтрин Төраға оның ана немесе тәлімгердің әйелі рөлінен тыс өмірі туралы түк білмесе керек деп ойлайтын.

Шын мәнінде, Төраға Кэтриннің мансабын сол жылдар ішінде қызығушылықпен бақылап, оның алған білімі салыстырмалы түрде қарапайым болғанына қарамастан соншалықты табысты болғанына таңғалатын еді.

Бес жылдан аз уақыт ішінде ол шығанақ аймағындағы жалғыз американдық-жапондық бірлескен автомобиль зауытының бас операциялық директоры атанды.

Сол қызметте он жылдай жұмыс істеп, зауытты елдегі ең табысты кооперативтік кәсіпорындардың біріне айналдырды.

Басқарма төрағасы автомобиль өнеркәсібі туралы көп білмесе де, Кэтрин туралы бір нәрсені анық білді, сол үшін оның «DecisionTech»-тегі мәселелерді шешетін адам екеніне сенді. Кэтриннің топ құру қабілеті аса ерекше болды.

«DecisionTech» менеджерлері Кэтриннің жұмысқа қабылданғаны туралы жаңалықты алғаш рет естігенде жай ғана уайымдаған болса, жаңа басшымен бірге жұмыс жасаған екі аптадан кейін оның басшының рөліне тура келмейтініне сенімді болды.

Бұның себебі Кэтриннің дау шығарып немесе орынсыз бір нәрсе жасағанында емес, керісінше, мүлдем ештеңе істемегенінде болды.

Кэтрин өзінің алғашқы күнінде қысқаша қабылдау шарасы мен тікелей қарамағындағы әрбір адаммен сұхбаттасқаны болмаса, басқа жұмысқа араласқан жоқ. Барлық қалған уақытын дәліздерде серуендеуге, қызметкерлермен сөйлесуге және уақыт тауып бара алған көптеген жиналыстарға қатысып, үнсіз бақылап отыруға жұмсады.

Шамасы, мұның бәрінен ең сорақысы – оның Джефф Шенлиден апта сайынғы менеджерлер жиналысын басқаруды сұрағаны. Ал өзі сол жиналыстарда тек тыңдап, жазбалар жазудан басқа ештеңе жасамайтын.

Кэтриннің сол апталарда жасаған жалғыз нақты әрекеті – келесі бірнеше айда болатын Напа алқабындағы басшыларға арналған екі күндік кеңседен тыс жиналыс болатыны туралы жариялауы болды.

Кеңседе үйіліп жатқан нағыз жұмысқа қарамастан, қызметкерлерді біраз күнге жұмысынан сол кеңседен тыс жиналысқа бола алып кетуге Кэтриннің қалай ғана батылы жетті екен деп басқалар таңғалды.

Жағдайды одан әрі ушықтырғаны – біреудің бірінші жиналыста талқылау үшін белгілі бір тақырыпты ұсынғанда, Кэтриннің бас тартқаны болды. Оның өзі ойластырып қойған жоспары бар еді.

Тіпті Төраға Кэтриннің бұл әрекеті туралы хабарларды естігенде уайымдаудан бөлек, аздап үрейленді.

Төраға Кэтриннің жоспары іске аспаған жағдайда, онымен бірге компаниядан кеткені жөн шығар деген қорытындыға келді. Бұл ең ықтимал жол болып көрінді.

«DecisionTech»-тегі проблемаларды бақылаудың алғашқы екі аптасынан кейін Кэтрин бұл жұмысқа келіскенім жөн болды ма деп ойланып қалған бірнеше сәттер болды. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тарту мүмкін емес екенін білді. Зейнетке шыққаннан бері ол мазасызданып, жұмысқа шығуды, жаңа белестерді бағындыруды армандап жүрді.

«DecisionTech»-тегі жұмыс күрделі міндетке айналатынына күмәні болмаса да, бұл жолы барлығы оның бұрынғы жұмыстарымен салыстырғанда басқаша болатындай сезімде болды.

Кэтрин ешқашан сәтсіздіктен қорықпаса да, Төрағаның өзіне артқан үмітін ақтай алмаймын деген ойдан үрейленетінін жоққа шығармады. Осынша жасқа келіп, мансабы мен беделіне дақ түсіріп алу қорқынышы кез келген өзіне сенімді адамды да алаңдататыны анық.

Ал Кэтрин болса өзіне сөзсіз сенімді болды.

Әскери қызметтен аман-есен өтіп, ұлдарын тәрбиелеп, сансыз баскетбол ойындарын көріп, кәсіподақ бастықтарына қарсы тұрған Кэтрин өзінің өмірдегі ең үлкен қорқыныштары таздық пен артық салмақ болып саналатын ақкөңіл юппилер тобынан қорықпайтынына көз жеткізді.

Басқарма оған жеткілікті уақыт пен еркіндік берсе, ол «DecisionTech»-тегі жағдайды жақсы жаққа өзгерте алатынына сенді.

Кэтринді бағдарламалық жасақтамада терең тәжірибесінің болмауы алаңдатпады. Шындығында, ол бұл оның артықшылығына айналатынына сенімді болды.

Оның қызметкерлерінің көпшілігі компанияның өркендеуі үшін өздері бағдарламалау мен өнімді жобалаумен айналысуы керек сияқты еді, алайда олар өздерінің технологиялық білімдерінен сал болып қалғандай көрінді.

Кэтрин Джек Уэлчтің тостер өндірісінің маманы болмай-ақ «General Electric»-ті жетістікке жеткізгенін, және Херб Келлехерге «Southwest Airlines»-ты құру үшін өмір бойы ұшақпен ұшудың қажеті болмағанын түсінді.

Өзінің техникалық білімінің шектеулі болғанына қарамастан, Кэтрин «DecisionTech»-ті тап болған қиын жағдайдан шығару үшін оның кәсіпорындағы бағдарламалық жасақтама мен технологиясы туралы түсінігі жеткілікті деп ойлады.

Алайда, оның бұл жұмысты орындауға бел буған кезде білмеген бір заты – басқару тобының кемшілігі бар болып шықты. Бұл Кэтрин бұрын-соңды көрмеген нағыз мәселеге айналды.

«DecisionTech»-тің басшыларына қарап, ешкім, тіпті қызметкерлер де оларды бір топ деп атай алмайтын, ал Кэтрин болса бұл кездейсоқ емес деп шешті.

Олардың интеллектті әрі керемет білім алған адамдар болғанына қарамастан, жиналыс кезіндегі топ мүшелерінің мінез-құлқы Кэтриннің автомобиль әлемінде көрген ең жаман нәрселерінен де сорақы болды.

Ашық дұшпандық ешқашан көрінбесе де, ешкім ешқашан дауласпаған сияқты болса да, жасырын жағымсыздықтың болғаны сөзсіз.

Нәтижесінде, ешқашан шешім қабылдай алмайтын; пікірталастар баяу және қызықсыз өтетін, нақты пікір алмасулар аз болатын; және бәрі әр кездесудің аяқталуын асыға күтетін.

Дегенмен, топ қаншалықты жаман болса да, кейбіреулерін есепке алмағанда, олардың барлығы жеке тұлға ретінде ақ ниетті және ақылды адамдар болып көрінді.

Джефф – бұрынғы бас директор; бизнесті дамыту жөніндегі директор

Алқаптағы басқа компаниялармен байланыс орнатуды ұнататын Джефф Шенли кезінде компанияның бастапқы ақшасының едәуір бөлігін жинап, көптеген қазіргі басшыларды компанияға тартқан.

Венчурлық капиталға немесе жұмысқа орналастыруға қатысты оның шеберлігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ басқару мәселесі – басқа әңгіме.

Джефф топ мүшелерімен жиналыс өзкізгенде студенттік кеңестің президентін еске салатын. Өйткені ол барлығын протокол бойынша істегісі келетін: әр кездесудің алдында әрдайым күн тәртібін жариялайды, содан кейін егжей-тегжейлі хаттамалар тарататын.

Көптеген басқа жоғары технологиялық компанияларға қарағанда, оның жиналыстары әдетте уақытында басталып, әрқашан дәл белгіленген уақытта аяқталатын.

Бұл жиналыстар барысында ешқашан мәселе шешіліп, ешқандай жұмыс бітпейтіні оны мазаламаған сияқты.

Лауазымын төмендеткеніне қарамастан, Джефф директорлар кеңесінде өз орнын сақтап қалды. Кэтрин алдымен оның жұмысын тартып алғаны үшін Джефф оған ренжуі мүмкін деп алаңдайтын, бірақ көп ұзамай ол Джефф өзіне ұнамайтын басқарушылық міндеттерінен босатылып, жеңілдеді деген қорытындыға келді.

Кэтрин оның Директорлар кеңесінде, әсіресе өзінің басқару тобында болғанына алаңдаған жоқ. Ол Джеффтің ниетінің тазалығына сенімді болды.

Майки – маркетинг жөнінідегі директор

Маркетинг «DecisionTech»-тегі ең маңызды қызмет болуы керек еді, сондықтан Кеңес Мишель Бебе сияқты сұранысқа ие маман табылғанына қуанды. Майки (басқалардың өзін осылай атағанын ұнатады), бүкіл алқапта бренд құру данышпаны ретінде танымал еді.

Соған қарамастан, оған бірнеше негізгі әлеуметтік қасиеттердің жетіспейтіндігі таң қаларлық.

Кездесулер кезінде ол басқаларға қарағанда көбірек сөйлейді, кейде керемет идея ұсынады, бірақ ол өзі бұрын жұмыс істеген басқа компаниялар «DecisionTech»-тен гөрі жақсы жұмыс істейді деп шағымданады.

Оны сырттан бақылаған кезде ол бұл жерге кездейсоқ келіп қалған көрермен, тіпті компанияға мүлдем қатысы жоқ бөгде біреу сияқты көрінетін. Ешқашан әріптестерінің ешқайсысымен тікелей дауласпағанымен, олардың біреуі маркетинг туралы сын айтқанда, Майки олардың ойымен келіспеген кезде айқын жиіркенішпен қарайтын немесе көзін алартатын әдеті барын бәрі біледі.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «Литрес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.