Муслим Хайрулла – Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі (страница 5)
Бірақ залым Шайтан алдады,
Нығметтерден шығарды.
Алла айтты оларға:
“Шығыңдар сендер Жаннаттан,
Бір-біріңе қас болып,
Жер бетіне түсіңдер,
Сендерге онда ризық бар,
Мен белгілеген сәтке дейін”, – деп.
37.
Кейін Адамата Раббысынан
сөздер үйреніп17а,
Тәубе қылып жалбарынды.
Алла қабыл етті тәубесін!
Өйткені, қабылдаушы тәубені
Ерекше мейірімді бір Алла!
38.
Сонда айттық Біз:
“Шығыңдар сендер бұл жақтан!
Менен хабар келгенде.
Оған ерген адамда,
болмайды қорқыныш сезімі,
Қайғырмайды ешқашан.
39.
Бірақ қарсы келгендерді,
Біздің аяттарды өтірік дегендерді,
Тозақ отына саламыз,
Онда мәңгі қалады олар”, – деп.
40.
Әй, Исраиль ұлдары!
Естеріңе алыңдар, рақымымды сендерге.
Серттеріңде тұрындар18,
Мен де тұрамын уәдемде,
Менен ғана қорқыңдар.
41.
Мен (қазір) түсіргенге19
Растау үшін сендердегіні.
Бойсұнып сеніңдер,
Оған алғашқы қарсы
Келгендерден болмандар,
Менен келген хақ Сөзді,
Аз бағаға сатпаңдар.
Менен ғана қорқындар.
42.
Хақ екенін біле тұра,
Жалған етіп шығармаңдар.
Жасырып қалуға тырыспаңдар.
43.
Ие, болыңдар намазға,
Зекет төлеуін беріңдер,9а,
Әрі бас иіңдер,
Маған бас игендермен бірге20.
44.
Басқаларға игілікті бұйырып,
Ал өздерің оны ұмытасыңдар ма,
Раббы Кітабын құрметтеген бола тұра,
Қалайша түсінбейсіңдер осыны?
45.
Өздеріңе шақырыңдар жәрдемге
Сабыр21 мен намазды.
Расында, намаз ауыр соғады
Тақуалар мен мүміндерден басқаға.
46.
Нақ сенетін Раббысына қайтарына,
Оған (мәңгілікке) оралып.
47.