реклама
Бургер менюБургер меню

Муслим Хайрулла – Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі (страница 4)

18

Рас, алданғандар, міне, солар13.

28.

Сендер қалайша сенбейсіңдер Аллаға?

Өлі едіңдер,

Ол сендерге жан берді14.

Өлтіріп, қайта тірілтеді соңыра.

Сөйтіп, қайта ораласыңдар, Келесіңдер,

Оның алдына тағы да.

29.

Ол – Сол, сендердің мұқтаждарың үшін

Дүниедегі бар нәрсені жаратты

Одан кейін аспанға (жаратуға) көңіл қойды.

Оны жеті қабат көк етіп реттеді.

Алла, расында, әр нәрсені білуші!

30.

Раббың сенің сол кезде періштелерге:

“Мен жерге,

Өз орынбасарымды қоямын”, – деді.

Сонда (періштелер) айтады:

“Олар, онда бұзақылыққа беріліп,

Қанды жерге төгеді,

Сонда да оны қоясың ба?

Ал біз Саған мақтау айтудамыз

әрқашан ұлықтап”, – деп.

Алла оларға:

“Сендер білмегенді, Мен білемін”, – деді.

31.

Алла Адаматаға үйретті,

Әр нәрсенің атауын15.

Одан кейін оларды көрсетіп періштелерге:

“Маған осы нәрселердің

атауларын айтыңдаршы,

(Сөздерің) егер болса рас”, – деді.

32.

Сонда періштелер айтты:

Біз гек Сенің үйреткеніңді ғана білеміз –

Саған мадақ, (Жаратушы Иеміз)!

Расында, Сен бәрін білушісің,

өте данышпансың!” – деп.

33.

Сонда, Алла: “Әй, Адамата!

Оларға мәлімде,

Бұл (нәрселердің) атауларын ”, – деді.

Ол оларды толық атап айтқанда,

Алла айтты оларға:

“Айтпадым ба сендерге,

Көктер мен жердің құпиясын,

білемін деп?

Маған бәрі мәлім сендердің

(Жүректегі) жасырғандарың

Әрі ашық жария қылғандарың” – деп.

34.

Сол сәтте періштелерге біз айттық:

“Адамға сәжде қылыңдар”, – деп.

Сонда бәрі сәжде қылғанда

Тәкаппар Ібіліс16 бас тартты,

Сөйтіп, қарсы келушілерден болды.

35.

Адаматаға айттық Біз сонда:

“Жаннатқа еркін кіріңдер!

Қалағаныңмен ризықтан,

Бірақ бұл ағашқа жолама,

Харам еткен Мен саған,

Жамандыққа ұшыратады”17, – деп.

36.