Муслим Хайрулла – Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі (страница 2)
Көздерінде перде тұр,
Олар үшін зор қинау!
8.
Бірақ кейбірі екіжүзді (мұнафық):
“Аллаға, Ақырет күніне сендік”, -
дейді,
Бірақ жүректерінде иман жоқ.
9.
Алланы және иман келтіргендерді
алдай жақ.
Бірақ өздерін ғана алдағанын сезбейді.
10.
Олардың жүректерін дерт басқан,
Алла сол дерттерін қоздырар.
Өтірікшілер есебі –
Күйзелтуші азапта.
11.
Қашан да оларға:
“Жер жүзінде бұзақылықты
қылмаңдар”, делінсе,
Олар айтады:
“Жоқ біздер жақсылыққа ғана
шақырамыз”, – деп.
12.
Сақ болың!
Шын мәнінде олар бұзақылықты
ғана жайуда
Алайда олар түсінбейді6.
13.
“Иман келтіргендер сияқты,
Иман келтіріңдер”, – делінсе,
Айтар сөзі олардың:
“Надандар, ақымақтар сияқты
Иман келтірейік пе?” – деп.
Шын мәнінде олар білмейді,
Өздері ақымақ, адасушы екендерін!7
14.
Ал мүміндерге кездессе
Айтар сөзі олардың:
“Біз де иман келтірдік”, – деп,
Бірақ өз шайтандарымен оңашада8,
Олар айтады:
“Расында біз сендермен біргеміз,
Оларды тәлкек етіп жүрміз”, – деп.
15.
Алла азғындықта қаңғыртып
Ұшыратар оларды мазаққа.
16.
Олар тура жолды қисыққа
Айырбастап алғандар.
Саудалары пайдасыз!
Тура жолды таппайды.
17.
Олар от жаққан адам сияқты, -
Маңайын жап-жарық қылғанда,
Алла оны өшірді,
Қараңғылықта қалдырып,
Енді олар көрмейді.
18.
Саңырау, мылқау, соқыр болып,
Алла жолын таппайды.
19.
Әлде (тағы бір мысал9), -
Қараңғылықта күркіреп, жарқылдап
Аспаннан нөсерлете құйған жаңбырда,