18+
реклама
18+
Бургер менюБургер меню

Мао Сяо – Тау мен теңіз ертегілері. Юйминь елі (страница 2)

18

Бұл көрінбейтін қоңызды білмейтін, тек көрінбейтін жапырақ пен көрінбейтін шөпті ғана білетіндерге қарата айтылған әзіл.

Тағы бір қызық жәндік туралы айтуға тура келіп тұр. Жәндіктердің бұл түрін жұрт Юй (yu) деп атайды. Бұл өзі суда жүреді. Олар канализация мен кәріздерде өмір сүргенді ұнатады. Әдетте, ылғалды жерлерде кездеседі. Олар да тауықтар сияқты құм жейді. Тауықтар ас қорытулары үшін құм жесе, ал бұл жәндік құмды адамға зиян келтіру үшін жейді.

Бұл адамдарға қалай зиян тигізуі мүмкін?

Жәндік бір түйір құм жеп, су жағасында жатып, адамның келуін күтеді. Шын мәнінде, ол адамдардан өте қорқады, «адамдардың аяқ астына тапталып өліп қаламын ба» деп шошып жүреді. Ол адам келген заман аузындағы құмды оған қарай түкіріп қалады. Бұл жәндіктің күші өте аз, ал құмды өте алысқа түкіре алмайды. Оны адамдарға мүлдем жеткізе алмайды, кейде күннің көзі шығып тұрған кез болса, ол құмды адамның көлеңкесіне дәлдеп тигізеді.

Ол түскірген құмға сәл қарауға да, көлеңкеге тиді екен деп салғырттық жасауға да болмайды. Бұл жай құм емес, жәндіктің аузынан шыққан құм. Бұл құм улы болады әрі коррозиялық өзгерістер тудырады. Ол адамның көлеңкесіне үлкен тесік қалдырады, яғни темекі тұқылының киімге тисе тесіп кеткені сияқты болады.

Көлеңке «күйіп қалса», адам ағзасына ықпал ете ме?

Әрине, адам бірден ауырып қалады. Ықпалы бар, менің айтайын дегенім осы. Ең қорқыныштысы, ауырған адамның неден ауырғанын табу мүмкін болмайды. Дәрігер қанша білікті болса да себебін таба алмайды. Әрине, бұдан асқан қорқыныш бола ма?

Біз басқа жәндік туралы айтып кеттік, енді цинфу2 туралы айтайық.

Ван Цзыхай3 цинфуды алғаш көргенде, оны көбелек деп ойлаған. Ол көбелекке өте ұқсайды, бірақ көбелектен сәл үлкендеу. Оның қанаттары бар, қанатының түсі өте ашық, көзді сүріндіреді.

Ол кезде Ван Цзыхай әлі бала болғандықтан, құртқұмырсқа, көбелек ұстауды жақсы көретін. Кейбіреулер Ван Цзыхай оларды ақшаға жарату үшін ұстайды дейтін. Олар айтқандай емес, ол әлі бала болған соң, ақшаға құмартпайтын! Ван Цзыхай тек оларды қызық көріп қуып ұстайтын-ды. Қанша дегенмен, бала ғой.

Ван Цзыхай түрлі жәндіктерді ұстап алып, оларды үйге әкеліп, саз құмыраларға салып бағады.

Ол қоймадағы ағаш сөрелерге қойылған құмыраларды жәндікке толырып тастайтын. Онда неше түрлі жәндіктің бәрі бар. Оның ішінен алдында айтқан жаңғырық қоңыз, көрінбейтін жәндік, юй дейсің бе, бәрі табылады. Сондай-ақ оның ішінде ерекше қызықты қоңыздар да бар. Мысалы, адамның артынан қалмайтын ілеспе қоңызды айтуға болады. Ол адалдықтың символы. Қайда барсаң да, артыңнан қалмай еріп жүреді. Жалқау қоңыз деген қоңыз болады ғой, ол да бар.

Оны неге жалқау деп атаймыз? Себебі ол тамақ ішеді де ұйықтайды, басқа ештеңе істемейді. Жатыпішер, жалқау, арамтамақтар бар ғой, дәл сол сияқты. Бірақ бұл жәндік, оны адамдармен шатастыруға болмайды!

Дегенмен әлемде осындай жәндік бар, рас айтамын.

Ван Цзыхай да жалқау жәндіктің бірін бағады, бірақ ол неше жыл бақса да, оның бірде-бір рет аунағанын көрген жоқ. Кейін ол шектен тыс үлкен болып өсіп кетеді, оны құмырадан шығару мүмкін болмай қалады. Оның тек аузы көрініп тұрады. Ван Цзыхай ерінбейжалықпай күн сайын оның аузына тамақ салып отырады. Тіпті ол аузын ашқанға ерінетін болып алады, Ван Цзыхай басқа амал таппай, тіс шұқығышпен оның кішкентай аузын керіп тұрып, тамақ салады.

Ақыры бір күні жәндік жатқан саз құмыра жарылып, екіге бөлініп кетеді.

Саз балшықтан жасалған құмыра екіге бөлінгенде, әлгі жалқау жәндік те екіге бөлініп қалады. Ол ерініп қайта бірікпейді. Сөйтіп, әлгі жәндік екі жәндікке айналып шыға келеді. Екеуі де арқасына жабысқан құмыраның жартысын алып тастауға ерініп, құмыраның сынығын көтеріп жүре беріпті. Жәндіктің арқасына жабысып қалған саздан жасалған құмыра сынықтары жүре келе сауыт сияқты қатты қабыққа айналыпты.

Бұл жылтыр қара сауыт тасбақаның сауыты болатын. Яғни тасбақа осылай пайда болған екен. Сол себепті тасбақа жалқау болады. Кейде ол бір орында ұзақ уақыт қозғалыссыз жата береді. Сондықтан да тасбақалар ұзақ өмір сүреді.

Ван Цзыхайдың көп жәндіктерінің ішінде цинфу жоқ екен.

Ван Цзыхай цинфуды ұстап қолда бақысы келеді, бірақ оны ұстау оған оңай болмайды.

Цинфуды ұстау көбелекті ұстаудан қиын болыпты. Ол оны ұстайын деп жақындай берсе болды, ұстатпай қашып кетеді екен. Ол адамның иісін алыстан біліп қоятын көрінеді. Яғни оның иіс сезу қабілеті өте жоғары, ол тіпті қыбыр еткен желдің өзінен қашады екен. Соған қарағанда, оның көру қабілеті де жақсы болса керек, ол сонау алыстан көрінген жарық пен көлеңкенің өзін байқап қоятын болыпты.

Қорытып айтқанда, цинфуды қолға түсіру оңайоспақ жұмыс болмапты.

Ван Цзыхай өзі білетін амалдарының бәрін істеп көрсе де цинфуды ұстай алмапты.

Ван Цзыхай цинфуды ұстау үшін қарағай бұтақтарын жағып, оны жарықпен өзіне жақындатпақшы болады. Ол кезде сіріңке, шақпақ, тіпті шақпақ тас та жоқ болатын. От жағу үшін ағашты бір-біріне үйкеу әдісі де әлі ойлап табылған жоқ еді. От жағудың жалғыз жолы – аузынан от шашып жүретін отшашарды табу. Отшашар от жағып беру үшін ақы алатын. Ол елде жоқ баға сұрайтын. Оның үстіне, айтқан бағасында тұрып алатын. Ол оған бір себет дашин беріп тамыздық алады.

Нәтижесінде, оның жаққан отының жарығына бірде-бір цинфу алданбапты. Ван Цзыхай оны балық аулағандай аулап алмақшы болып та көріпті, бірақ цинфу қармаққа түспей қойыпты. Ол оны өрмекшінің торымен ұстамақшы болыпты, одан да түк шықпапты. Ол өте сезімтал жәндік екен, оны ешкім қолға түсіре алмапты.

Сөйтіп, Ван Цзыхай әр жолы құр қол қайтады екен. Ол осыған қатты қапаланыпты. Қолы жетпеген сайын оны қалайда ұстауға тырысады. Ол тіпті түс көрсе де цинфуды ұстай алмай қиналып жүргенін түсінде көретін болыпты.

Жалықпай еңбек еткен адам сол еңбектің жемісін көреді. Бір күні Ван Цзыхай цинфуды ұстай алмай дымы құрып тұрған кезде күтпеген жерден жапырақта қалып қойған бір тал жұмыртқасын тауып алады.

Ван Цзыхайдың жұмыртқаны қолына ұстаған кездегі қуанғанын сұрамаңыз! Ол жұмыртқаны үйіне алып келіп, саз балшықтан жасалған құмыраға салып қояды. Күтпеген жағдай болады. Әлгі ұстатпай жүрген цинфу Ван Цзыхайды өзі іздеп келеді. Ван Цзыхай жұмыртқаны жақсы күте алмайды десе керек. «Жұмыртқаларды қыш сынықтарының үстіне қоюға болмайды, тым қатты келеді! Одан да оның астына қарағаштың жапыраған төсеп қой. Оны күнде ауыстырып тұр. Оның астына құстың мамығын салу қажет емес! Болашақта туылған нәрестелерде бұл заттарға аллергия болады. Оны жарық түсіп, ауа алмасып тұратын жерге қойып қой, тым ыстық немесе тым ылғалды болмауы керек, температураны бақылап отыру қажет…» дейді.

Цинфу ештеңе болмағандай, Ван Цзыхайды шетке барып тұр дегендей итереді де, жұмыртқаны өзі басып шығаруға кіріседі. Көктен іздегені жерден табыла кеткен Ван Цзыхайдың қуанышында шек болсашы!

Ол үнемі терезеден цинфуды бақылап жүреді. Цинфу болса жұмыртқасын қымтап, баптап әлек болады.

«Цинфу менің осында тұратынымды қайдан біледі? Өйткені ол жұмыртқа тауып алған жер бұл жерден тым алыс болатын, ол адаспай тауып келді, бұл не деген ғажап!» деп ойлайды Ван Цзыхай.

Ван Цзыхайдың басқаларға ұқсамайтын бір қасиеті бар. Ол қандай да бір оқиғаға тап болған кезде соның себебін табуға тырысады. Оны түсініп жетпейінше тыным таппайды.

Ван Цзыхай мынаны түсінді: цинфу мен оның жұмыртқасының арасында көрінбейтін бірдеңе бар, бұл екеуін байланыстырып тұрады. Сол себепті ол жұмыртқаның қай жерде екенін біледі, ізін суытпай тауып алады. Ол дәл осы қасиетке байланысты өзінің жұмыртқасын табу үшін мыңдаған шақырым жол жүре алады. Ван Цзыхай «бұлай боғанда цинфу баласынан ажырай алмайды, баласы одан айрыла алмайды» деген ой түйеді.

Ван Цзыхай осыны ойлап тұрған кезде цинфу жұмыртқасын басып шығарады. Цинфу өз баласын өте жақсы көреді екен.

Кішкентай цинфу анасын тіптен жақсы көреді.

Кішкентай цинфу қазір ұша алмайды, сол себепті Ван Цзыхай цинфу баласын алып кете қоймас деп ойлайды.

Цинфу күнде алысқа ұшып кетеді, бірақ қандай жағдай болмасын қайтып оралады. Цинфу баласы жақсы көріп жейтін қарағаштың гүлін алып келеді. Осылайша, кішкентай цинфу өсе береді.

Ол Ван Цзыхайдың қоймасында арлы-берлі ұша бастайды. Содан бастап Ван Цзыхай кішкентай цинфу күндердің күнінде үлкен цинфуға еріп кетіп қалады деп алаңдайды. «Оған не істеу керек?» деген ой туады.

Сөйтіп, Ван Цзыхай тәжірибесін бастайды.

Ол аналық цинфуды ұшырып, кішкентай цинфуды байлап алып қалады, ал кейде кішкентай цинфуды жіберіп, аналық цинфуды алып қалып отырады.

Сыртқа ұшып кеткен цинфу уағында қайтып келіп тұрады.

Сөйтіп жүргенде Ван Цзыхайдың өзі де өсіп, кәсіпкерге айналады.

Әрі қарай не болғанын өздерің де сезіп отырсыңдар ғой. Өйткені Ван Цзыхай кәсіпкер. Кәсіпкер болған соң, пайда тапқысы келеді. Қалай пайда табу керек екені оған маңызды.

Ван Цзыхай цинфу ана мен цинфу баланың арасындағы сүйіспеншіліктен шабыттанып, тәуекелге барды.

Ол өзінің ақша салған шкафынан 162 каури алып шығады. Ол кезде каури валюта ретінде пайдаланылатын еді. Ол 162 кауриді сексен бір кауриден екіге бөледі, әр бөлікті тоғыз кауриден жіпке тізеді, әр бөліктегі кауриден тоғыз тізбек каури шығады. Өйткені тоғызға тоғызды көбейткенде сексен бір, дәл солай.

Оны не үшін тоғыз тізбекке тізді деп ойлайсыз?

Өйткені ол кезде барлығы тоғыздың ең үлкен бір таңбалы сан екенін білетін.