Мао Сяо – Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) (страница 3)
Хужэндерге аспанға көтерілуге рұқсат етілген адамдар тобы (олар біртіндеп Құдай дәрежесіне жеткен). Шынтуайтына келсек, олар нағыз адам емес, басы адам, денесі балық, яғни құбыжықтар.
Олар өздерін басы адамдікіне ұқсайтын болған соң,«адамбыз» дейді. Сол себепті де адамдарға болы-сып жүреді. Ху Рен – аспанға баруға рұқсат етіл-ген жалғыз адам (және бірте-бірте илаһи кітапқа қосылды).
Мәселе аспанға арыз берушілер көбейіп кетті.
Он мыстан кемпір мен Хужэндер аспан мен жердің ортасына сабылып әуре-сарсаңға түседі.
«Гунгун Бужоушань тауын құлатып тастады, содан көп адам шығыны болды. Сел, лай көшкіні жүрді, қа-лада көлік кептелісі пайда болды. Төтенше жағдайды жою, көмек көрсету ақсап тұр…»
«Су құдайы Хэбоға жыл сайын ұл-қыздарымызды құрбандыққа шалып, Хуанхэ өзенінің тасуының алдын алатын болдық…»
«Нажағай құдайы адамдарға нажағай түсіріп,өмірін жалмап жатыр, сонымен қатар екі сиырды нажағай соқты. Нажағайдың кесірінен орманда өрт шықты».
«Үстелдің құдайы үстелге тыныштық бермеді,үстелдің үстіне тамақ тұрмайды, сирағына тас қойсаң да тербеліп, тамақ ішкізбейтін болды…»
«Ошақ құдайы күріштен жасалған кәмпиттерді ұр-лап жеп кетті…»
«Түз құдайы дәретханаға баруымызға кедергі бол-ды, одан қорыққаннан дәретке қысылып жүретін бол-дық…»
Осындай арызшылар көбейіп кетті. Он мыстан кемпір, Хужэндер арызды жеткізуге шамасы келмей жүреді. Оны қойып, Аспан құдайынан да тыныштық кетті.
Аспан құдайы арызшылардың шағымын қарау-дан шаршаған жоқ, ол шынымен тамақ ішуге мұршасы болмай қалады. Ол тамаққа енді отыра берген кезде,он мыстанның бірі кіріп келеді де:
– Құдіреті күшті Құдай, – деп, елдің арыз-шағы-мын айта бастайды.
– Ештеңе естігім келмейді, жалықтым! – дейді де, Аспан құдайы қолындағы сақпысын үстелдің үсті-не тастай салып: – Күнде-күнде арыз-шағымнан көз ашпадым, тамақ ішуге де мұрса бермедіңдер ғой, –дейді.
Ол енді ұйықтайын деп, басы жастыққа тигені сол еді, Хужэндердің бірі кіріп келіп:
– Сәлеметсіз бе, құдіреті күшті Аспан құдайы (Ас-пан императоры), ұйқыңызды бұзғаным үшін кешірім өтінемін. Дегенмен мен сізге маңызды хабар айтқалы тұрмын, мұны айтпасам, өз міндетімді орындамаған боламын. Біреу былай деп…
– Не деді? Сағат қанша болды? Таңнан кешке дейін
маза бермедіңдер ғой! – деп, үстіндегі көрпесін лақты-рып жіберіп: – Осы сендер, қарапайым адамдар, ертең келіп айтсаңдар болмай ма? – деп, сөзін нықтай түседі.
– Жоқ, болмайды. Аспанды біреу әр жерінен тесіп кетті… – деп сыбырлайды Хужэн.
– Не дейсің? – деп, Аспан құдайы орнынан атып тұрады да: – Аспан тесіліп қалды ма? Оны кім тесіп тастады? Жүрек жұтқан қандай сұмырай? Маған қар-сы келмекші ме? Тез Нюйваны шақырыңдар, ол бес түсті тасты ерітіп қоспа жасайды деп естідім. Ол адам жасағанды қойып, сол жасаған қоспасымен ең әуелі аспанның тесігін жамасын! – дейді.
Он мыстанның бірі келіп:
– Құдіреті күшті Құдай, бір оқушы сабақ оқыған-ды қойды… – дейді.
– Сабақ оқымағаны қалай? – деп, Құдай қолын-дағы ішіп отырған шайды дастарқанға қоя салып: –Оны қалай түсінуге болады? – деп сұрайды.
– Оқушы сабаққа зейін қоймайды, ойы басқа жақта отырады, сол себепті ата-анасы шағымданып отыр… – дейді мыстанның бірі.
– Не деп шағымданып отыр? – дейді Құдай шай-ын ұрттап.
– Баланың ата-анасының айтуынша, баласын Құдайлар азғырып отыр екен. Оның аңсары тек ас-панға көтерілу болып қалыпты. Ол құдіреті күшті Құдай болып, қалағанын істеймін дейтін көрінеді. Сол себепті оқу үлгерімі күрт төмендеп кетіпті, – дейді мыстан.
Аспан құдайы Көктегі қыздардың биін тамашалап отырған кезде, Хужэндердің тағы біреуі келіп, оның құлағына: «Құдіретті күшті Құдай, біреулер Құдайдың атын жамылып, бақсылықпен айналысып жүр екен» деп сыбырлады.
– Бақсы дейсің бе? Бақсы болып не істейді? – деп,қабағын түйіп сұрайды Құдай.
– Бақсы болып, ауру адамдарды емдейді екен, –дейді Хужэн.
– Ол қалай?
– Білмеймін.
– Анық-қанығын біліп алып айтпайсың ба? – деп,Құдай Хужэнді ала көзімен атып: – Құдайдың міндетін өтеу қиын екен, тыныш отырып, биді де тамашалай ал-майтын болдым, – дейді.
– Құдіреті күшті Құдай, ашуыңызды беріңіз, мұның бәрі Вэнь Шэнь құдайдың жіберген дертінің кесірі екен. Вэнь Шэнь көп адамды дертке шалдықтырды, сол се-бепті адамдар бақсы арқылы Вэнь Шэньді аластамақшы.
Хужэн мұны әлдеқашан білді, бірақ Вэнь Шэнь біліп қалса қас қыла ма деп қорықты.
– Сенің жұмысың біте ме, жоқ па? Мазамды ал-дың ғой. Аузыңды жапшы… – дейді Құдай.
Құдай ашуланып, Чжун мен Лиді4 шақырып алып:
– Мен екеуіңе міндет беремін… – дейді.
Чжун мен Ли аспан мен жердің түйіскен жеріне лез-де жетіп барады.
Екеуі Аспан құдайы тапсырған даңқты міндетті тез орындап қайтады.
Оларға тапсырған міндет – Аспан мен жерді бөлу болатын.
Яғни аспан мен жердің арасын барынша алыстату еді.
Ең жақсысы екеуінің арасындағы байланысты үзу.
Яғни адамдар мен Құдайлар арасындағы ба-рыс-келісті тоқтату еді.
Чжун қос қолымен аспанды биікке көтеріп тас-тайды. Ол аспанды тоғыз мәрте көтереді, сол себепті «Тоғыз қабат аспан» деген ұғым пайда болған.
Ал Ли болса жерді барынша төмен басып түсіреді. Ол сол жермен бірге төмен түсіп, жерде қалып қояды. Сөйтіп, ол қазіргі қарапайым адам болып жер бетінде қалады.
Қорытып айтқанда, біз бәріміз осы Лидің ұрпағы-мыз. «Халық» деген атау осыдан кейін пайда болуы мүмкін.
Түпнұсқаға сілтеме
1. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Вусян патшалығының шығысында Бинфэн деген қап-қара, алдында да, ар-тында да басы бар екі басты доңыз болыпты» деп жа-зылған.
2. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Чжуяо деген жер бар, онда Луань-няо құсы ән салып, феникстер билеп, дыр-думан болып жатады. Адамдар феникстің жұмыртқасын жеп,шықтан жасалған тәтті шырын ішіп, еркін өмір сүреді» деп жазылған.
3. «Таулар мен теңіздер классикасы: Қытай теңізі» деген еңбекте: «Дугуан деген жерде Цзянму деген ағаш бар, оны император өзі отырғызған. Бұл ағаш өсімтал келеді, оның жапырақтары болады, бірақ бұтақтары болмайды» деп жазылған.
4. «Таулар мен теңіздер классикасы: Қытай теңізінің оңтүстігі» деген еңбекте: «Кейпі сиырға ұқ-сайтын біртүрлі ағаш өседі, оның сыртқы қабығын сыпырып алсаң, қыздардың бас киімінің бауына да,жыланның терісіне де ұқсап қалады. Жапырақтары кёльрейтерия метельчатая ағашының жапырақтары-на, діңі гемиптелея ағашына ұқсайды, ағаш «Цзянму» деп аталады» делінген.
5. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Лин Цзия император Янның немересі, Лин Цзиядан Хужэндер (Хурэн) тарайды, сол Хурэндер аспан мен жердің арасында емін-еркін жүре алады» деп жазылған.
6. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Сонау шалғай аспан орталығында Риюэшань деген тау бар. У Цзюй Тяньмэнь күн мен ай-дың бататын ұясы. Басы адамдікі сияқты, қолы жоқ, екі аяғы кері басына біткен Сю дейтін Құдай тұрады. Чжу-аньсюйден Лаотун, ал Лаотуннан Чжун мен Ли тарайды. Аспан құдайы Чжунге аспанға көтерілуді, Лиді жерге тү-суге бұйырады. Ли жерге түскен соң, одан Ие тарайды. Ие жер шарының ең батысына барып, күн мен айдың және жұлдыздардың қозғалысын басқарады» деп жазылған.
Постскриптум
Бұл «адам мен Құдай бірге өмір сүрген» деген аңыз-ға негізделген қиял-ғажайып ертегі. Мұнда Чжун және Ли дейтін екі Құдайдың аспан мен жерді бір-бірінен бөліп тастауының себебі баяндалады.
«Таулар мен теңіздердің классикасында» «Құдай-дың Чжунды аспанға көтерілуге, Лиді жерге түсуге бұй-рық беруі» сияқты қазіргі адамдар үшін айтса нанғы-сыз болып көрінетін көптеген нәрсе жазылған. Көк Құдайының бұлай бұйыруының өзіндік себебі болды.
Бұл ертегіні жазуға сол себеп түрткі болды немесе мен содан шабыт алдым.
Бұл ертегі прозалық стильде жазылды. Ойдың жетегімен жалғасып, нақтылап жазылды. Ертегіде қиялға, ойға, қызығушылық пен балалыққа бой ұрдым десем де болады. Бұл оқырмандардың мұқият ойла-нуына мүмкіндік береді.
Шық туралы тамаша ертегі болды.
«Саудагер», «Тоғыз қабат аспан», т.б. сөздерінің шығу тегі туралы толыққанды жауап емес, бұл жай ғана ертегідегі ұшқыр қиял ғана екені даусыз.
Ертегідегі қиял өмірден қаншама алшақ болып көрінгенімен, көркемдігі мен этикасы жағынан ло-гикаға қонымды, бұл балалық қиялға жақын келеді. Менімен келісесіздер ғой?.. Болмаса… ол ертегі бол-майды.
Ертегі бойында балалық сезімі бар адамдарға ар-налады.
Сіздің де бойыңызда осындай пәк балалық сезім бар ма?
Фэйхуан (Ұшатын жылқы)
«Ұшатын» жануарлар әркез бас қосып, жиналыс ашып отырады. Ұшатын құс, ұшатын балық5, ұшатын тышқан, ұшатын жылан6, ұшатын қоңыз… ол заманда ұшатын жануарлар қазіргіден әлдеқайда көп болатын.