Мао Сяо – Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) (страница 2)
«Пиязды қандай ұзындықта кесу керек?»
«Тофуды қуыру керек пе?»
«Тұз салғыш қайда?»
«Қаншалықты тұз салу керек?» Мұның бәрі ол үшін шынымен де қиын!
Құдай тамаша табиғи гүлзарбақты, табиғи көркем көлді, әдемі табиғи самалдықты лезде жасай салады. Бірақ сіз одан орындық жасауды өтінетін болсаңыз: «Осы орындықтың сирағын теп-тең етіп кескенді біле алмай-ақ қойдым, кесе-кесе жоқ қылатын болдым» деп қайран болады…
«Орындықтың сирағы мен бетін шегесіз қалай тұрғызуға болады?»
«Мынау орындық неге тербеле береді?» Құдайдың өзі жасаған орындық шынымен де мықты болмайтын.
Сол заманда Құдай адамдармен қарым-қатынас жасауды ұнататын.
Тіпті қызық болатын.
Адамдар үшін қарапайым дүниелер Құдай үшін таңғажайып нәрсе болып көрінетін.
«Тастан да гүл оюға бола ма? Қалай оюға?»
«Күріштің өзін жеуден өзге, одан талқан жасау-ға, торт жасауға болады екен… иісі қандай кере-мет!..»
«Жастыққа бастарың тисе болды ұйықтайсыңдар,оның сыры неде?»
«Ағаштың жапырақтарынан желдеткіш жасауға болады екен. Қандай ғажап!» деп таңданып-тамса-натын.
Ол заманда адамдар мен Құдайлар бірін-бірі баға-лайтын, бір-біріне сүйсінетін, бір-бірімен араласатын,тату-тәтті өмір сүрген.
Кей адамдар қызық көріп, аспанға шығып қыдырып қайтатын болған.
«Аспанға көтерілгеннен де қиын болды» дейтін сөз кейін пайда болды.
Ол заманда аспанға көтерілу тауға шығудан қиын болған жоқ. Өйткені тауға шықсаң, улы жыландарға,жыртқыш аңдарға кез болуың мүмкін. Кейде адасып қаласың, кейде лай-көшкін болуы мүмкін. Ал аспанға көтерілу қауіпсіз әрі жылдам.
Біз басында айтып кеткеніміздей, аспан мен жердің арасы бүгінгідей алыс емес болатын.
«Аспанға бірден көтеріле салдық» дейтіндер аспанға барып көріп келгендер. Олар сыйлыққа аспаннан жұлдыз ала келетін. Олар оны аспандағы арнайы жұлдыз сататын дүкеннен әкелетін. «Аспанның есігі айқара ашық жатыр, онда күзет тұрмайды,кіре бересің… Бірақ ішетін су алып алғандарың жөн. Аспаннан келген балшырын… өте қымбат, дәмді емес,сиырдың тезегіндей иісі бар. Аспандағы балшырын (gаn lu)1… өте қымбат, оның үстіне дәмі де жақсы емес,біртүрлі күлімсі иіс шығады» дейтін аспанға көтеріліп келгендердің бірі.
Ол балшырынды, шын мәнінде, аспанға жерден таситынын білмейді.
Балшырынның қымбат болатын себебі – оны жинау өте қиын. Оны жинаудың қыр-сырын білетін адам түн жарымына дейін ұйықтамай, көк шөптің қасына барып, шықтың пайда болғанын күтеді. Таң ата шық пайда болған кезде сол таза шықты таза ыдысқа жинайды, мұны күн шықпай істеу керек. Көп шықтың ішінен ең тазаларын жинап алады. Оның үстіне, оны тасымалдаудың өзі қиын шаруа. Өйткені тап-таза шық көбінесе шалғайдағы таулар мен ормандарда немесе жолы қиын жерлерде болады. Оның үстіне шықты ат атысымен жинап, күн шықпай тұрып жеткізу керек. Таза шық күннен ұялатын сияқты, күнді көрген заман жоқ болып келеді. Сондықтан тасымалдауға көп жұмыс күші, материалдық ресурстар, қаржы ресурстары керек. Сонымен қатар оны сақтаудың да өзіндік қиындықтары бар. Аспанға тасымалданатын балшырындарды өңдеуге тура келеді. Өңдеудің құпия рецепті бар, құпияны ашуға болмайды. Балшырынды мұздатуға, тым ыстық ұстауға болмайды, оны бүркеп тастауға, не мүлде ашып тастауға да болмайды. Оны бірден ішу керек, болмаса тұрған сайын қоюланып,біртүрлі күлімсі иіс шығып кетеді.
Адамдардың аспанға көтерілу жолы көп бол-ғанымен, мынадай бірнеше түрлі әдісі бар:
1. Аспанға баспалдақпен көтерілуге болады. Баспалдақтың екі түрі бар, бірі шөптен жасалған баспалдақ, екіншісі ағаш баспалдақ. Ағаш баспалдақ ағаш пен арқаннан жасалған былқылдақ баспалдақ. Шөп баспалдақ дегеніміз – ағаш жапырақтарынан жасалған баспалдақ. Адамдар жапырақты басып,аспанға көтеріледі.
2. Ағашқа өрмелеу2 арқылы аспанға көтерілу. Ағаш аспанмен тілдесіп жатады. Тек ағашқа өрмелей алсаң болды, аспанға көтеріле аласың. Оның ешбір қыр-сы-ры жоқ, меңгеруді қажет етпейді. Өйткені сол заман-да адамдардың бәрі ағашқа өрмелей алатын болған. Адамдар тік жүруді кейіннен үйренді. Одан бұрын адамдар маймыл сияқты ағаштың басында тіршілік еткен. Адамдар үйді ағаштың басына салып алатын,оны ағаш үй деп атаған.
Аспанға көтерілу үшін баспалдақтар орнатылған.
Ағашқа өрмелей алмайтындар баспалдақпен кө-теріле алады, ал баспалдақпен көтерілуге қорқатын-дар ағашпен көтеріледі (Жел соққан кезде арқан мен ағаштан жасалған баспалдақ тербеліп тұрады, ал шөп баспалдақ жаңбыр жауған кезде тайғақ болады).
Ал осы екі баспалдақпен жүре алмайтын болсаңыз,баспалдақтың қасына барып, Құдайды күтсеңіз бол-ды, ол өзі аспанға ала кетеді. Ол заманда қазіргідей көп ереже мен қағида болған жоқ. Құдай адамдарды еш кедергісіз көкке алып кете беретін.
Құдайлар адам жасаған кейбір жергілікті өнімдерді аспанға алып кете алған, бұл контрабандаға жатпай-тын.
Кейбір Құдайлар шаш қыстырғыш, сырға, алқа,білезік және шам сияқты қолдан жасалған нәрселерді жақсы көретін. Бұл заттардың ең үлкен ерекшелігі – тез тозады не тез сынып қалады. Құдайдың заты оңайлықпен сынбайды, тек жалықтырып жібереді. Олардың тарағы тозбайды, жүздеген жыл қолдануға жарай береді. Ал адамдар жасаған заттар тез тозады,оның орнына жаңасын алуға тура келеді. Ескінің ор-нын жаңа басады деген осыдан қалса керек. Не десек болады: Құдай да жаңа нәрсені ұнатады.
Аспандағы заттарға қарағанда жердегі заттар ар-зан келеді.
Сол себепті Құдайлар жерге түсіп, өздеріне керекті заттарды сатып алып қайтады.
Кей пысықтар жердегі заттарды аспанға апарып,ал аспандағы заттарды жерге әкеп қымбатқа сататын.
Сондықтан кейбір көктен келген заттар уақыт өте келе таптырмас қазынаға айналды.
Бұл қазына пейілі түзу адамның қолына түссе жақ-сы, өйткені олар ашкөз болмайды. Ал қазына пиғылы жаман адамдардың қолына түсе қалса, олар одан бетер ынсаптан айырылып, мыстан, құбыжыққа ай-налып шыға келеді. «Батысқа саяхаттағы» құбыжық,мыстандардың көбі осындай жаман адамдардан өз-герген. Олар көп сиқырлы қазынаға ие болған соң, құ-быжық, мыстанға айналып шыға келді.
Сауда алғаш Шан дәуірінен басталды, саудагер де-ген сөз сол кезде пайда болды.
Шан дәуірінде сауда қалай пайда болды десеңіз,Шан жерінде аспанға көтерілетін жолдар басқа жер-лерге қарағанда көп еді. Баспалдақтар да жиі кезде-сетін.
Адамдар аспанға алғаш көтерілген кезде тартын-шақтап, қорқатын еді.
Қанша дегенмен, аспан мен жердің айырмашылығы жер мен көктей болатын.
«Айырмашылығы жер мен көктей» деген сөз осы-дан қалса керек.
Адамдар аспанға көтерілген кезде қорқақтап, көп жүре бермейтін болған, тіпті дауысын шығарып, қатты сөйлеудің өзіне жасқанатын.
Аспандағы алтын діңгекті көрген кезде «алтыннан жасалған екен» деп көрсетпей сипап қоятын.
Олар жерге түсіп қалған жалпақ шабдалыны жеуге батылы бармайтын, өйткені «оны жеп қойса мәңгі жа-сайды, өлмейтін болады» деп ойлаған.
Сол заманда «Құдай ғана мәңгі жасайды, адамға мәңгі жасауды жазбаған» деген түсінік болған. Егер адам мәңгі өлмейтін болса, ол әулие болып, Құдайға айналар еді, тіпті болмаса… жарайды, қалай деуге болар екен? Әу-лие деңгейіне көтеріліп, Құдайға айналу оңай емес. Адам-нан Құдайға айналу шынымен қиын. «Бұл жәннатқа кір-геннен де қиын» дейтіндері сол ғой. Ол үшін халық ұсы-нуы, сынақтан өтуі керек. Бұл жерде емтихан ғана емес,тексерулер, түрлі сынақтар, ұзақ уақыт бақылаудан өту қажет. Қысқасы, оңай емес. Егер адам әулиелік дең-гейге жетіп, Құдай дейтін мәртебеге ие бола алғанымен (жасыл картаға ұқсас), Құдай сияқты өлмей қойса, жұрт ондайларды «Өлмейтін, кәрі қақпас!» деп сөгіп жатады. Сөйтіп, ақыры өлмей рухқа айналып кетеді.
Адамдардың көбі рухқа айналғысы келмейді, сон-дықтан олар аспанға көтерілген кезде жалпақ шабда-лы аяқ астында жатса да жемейді. Әдепті сақтап,жұп-жуас, алтын көрсе де жолдан таймайды, мораль-дық қасиетті жоғары қояды.
Құдай адамдардан мезі болып, жалықпайды.
Жалығу, қарапайым адам деген сөздер кейіннен пайда болды.
Сол заманда адам адам кейпімен, Құдай өзінің тылсым дүниесімен өмір сүрген. Әр екеуі де таза, пәк,кінәсіз болатын.
Құдай мен адам арасына сызат неден пайда бол-ды? Оны түсіндіру қиын. Уақыт өте келе солай болған екен.
Аспанға көтерілетін, жерге түсетін жолдар жа-былып, сирей бастаған көрінеді.
Ақырында жолды тек Құдай ғана білетін болыпты.
Қарапайым адамдардың аспанға көтерілуі мұң екен.
«Аспанға көтерілгеннен де қиын» дейтін сөз тіркесі содан қалған болса керек.
Құдай қалаған уақытында жерге түсе алады, ал қа-рапайым адамдар аспанға көтерілуге болмайды дей-тін жаңа қағида пайда болады.
Құдай жерге түсе алатын болған соң, тәкаппар бола бастайды. Кейбір Құдайлар жерге түскен соң,қалағанын жасайды, жаман істермен айналысады,сөйтіп, аспанға қашып кетеді, адамдар оларға ештеңе істей алмайды.
«Менің Құдай екенімді білмейсің бе?» дейді Құдай адамға.
«Құдайым-ау! Тағы да сел жүрді…» деп, адамдар
Құдайға жылайды.
Зардап шеккен адамдар Аспан құдайына (Аспан императоры) шағымданғысы келеді. Бірақ олар көк-ке көтерілетін жол таппайды, тіпті Аспан құдайының жүзін де көре алмайды.
Адамдар басқа амалын қарастыра бастайды.
Яғни олар бірінші кезекте он мыстан кемпірден көмек сұрайды.
Он мыстан кемпір Линсань тауын мекен еткен.
Он мыстан кемпірді Аспан құдайы жерге жіберген.
Олар жер мен аспанды байланыстырып тұратын елші тәрізді болатын.
Олар екінші кезекте Хужэндерден (huren)3 көмек сұрайды.