Даулет Арманович – Көттi қысқан бай болар (страница 3)
Кәсіби спортшының мансабын талдайық. ТМД елдерінің арасында спорт мансабы – қайтарымы өте төмен, ең тәуекелді мансап болып табылады. Спортшылар уақыты мен денсаулығын қатерге тігеді. Олар өздерін спорттан кеткен соң өздерін қамтамасыз ете алатын дағдыларға жұмсамайды. Ал спорт тез бітіп қалуы мүмкін. Ярослав Радашкевич деген пауэрлифтингпен айналысқан жас жігіт туралы естіген боларсыз, Ресей, Еуропа, әлем рекордсмены, чемпион болып жүрген. Ал Еуразия чемпионатында штанганы көтеріп, тізе бүктіретін сәтінде, аяғында жарықшақ пайда болып 20 жасында мансабымен қош айтуына тура келді. Ол өзіне, осындай жағдайларға ақша жинап қойып па еді? Қайдам, пауэрлифтингішлер клиенттерін жаттықтырып, көп пайда табыс та таба алмайды. Ол сақтандырылған ба еді? Мүмкін, бірақ оның мөлшері өмір бойы жұмыс істемеуге жетпес. Біздің елде спортшыларды сақтандыру деген тиісті деңгейде емес. Сондықтан алдымен келесіні ұғып алу керек: бұл іспен айналысып жүргенің, өз рахатың үшін бе әлде табыс табу үшін бе? Спорттағы мансап қысқа, бәсекелестікке толы, жолы қауіпті, бір мезетте-ақ аяқталуы мүмкін. Сақтандыруды сатып алсақ та, жұмсаған уақыт пен еңбегіміз ақталмас.
Ал жай мамандықтарға келетін болсақ, көп нәрсе сіздің қайда жұмыс жасайтыныңыз бен қандай баға жетпес маман екендігіңізге байланысты. Кей қызметкерді батпаққа батырсаң меруерт алып шығады, ал кейбіреуі мөлдір судан да ештеңе таба алмай жатады. Бұның бәрі бірнеше факторға: сәттілік, өзіне, жұмысқа, өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасына байланысты. Бұл жердегі мансап та спортшыға қарағанда оңайырақ болады. Дегенмен, бизнес тәрізді, мансап та, тез аяқталуы мүмкін. Қолдарынан ештеңе келмейтін адамдарға қиын, әрине. Жұмыстан қысқартылуға түсіп қалуы жа ықтимал, себебі олардың келешекте сенуге болатын кәсіби негізі жоқ. Бұндайлар несие алып, аяқ астынан жұмыстан айрылып қалса ше? Банктер болса аямайды. Негізгі тәуекел математика емес, адамдардың тағдыры ұйымдардың қолында екенін көрсетіп тұр. Бір жұмыс беруші мен екіншінің арасында күн көру үшін жүгіріп жүр дегім келмейді, алайда бизнес те аяқ асты тоқталып қалуы мүмкін.
Жұмыс жасап жүргендерге келер болсақ, жасыңыз 25-тен, тіпті 35-тен асқан болар. Сіз, тәуекелді жақтырмайтын, кәсіпкер бойында табылмайтын: біркелікті іс-шаралармен айналысып, одан зардап көрмейтін қасиеттеріңіз бар консервативті тұлға боларсыз. Бұл дегеніміз – сіз кәсіпкерге қарама қайшы мінезіңіз бен шеберлігіңіз үшін ақы аласыз. Табысыңыздың мөлшері де аз болмауы мүмкін. Жалданып жұмыс жасаған адамның табысы аз дейтін қағида жоқ. Бұл адамдардың кәсіпкерлерден айырмашылығы – тәуекелге деген төзімділіктің төмендігінде. Ол әр кәсіпкерде табыла бермейтін тәртіп.
1.5 Инвестициялар
Біз қызығушылығымызды тудыратын ақша көзіне де жеттік. Оның ең бірінші артықшылығы-ешнәрсемен шектелмегендігінде: уақыт, географиялық тұрғыда. Мансабыңыз болған кезіңізде тәуліктегі 24 сағаттың сегізі ұйқыға, сегізі басқа: отбасына, жолға, ойын-сауыққа тағы басқа нәрселерге кетіп жатады. Жұмысқа уақытыңызды көп жұмсай алмайсыз. Біреуді жалдасаңыз, оларды қадағалап басқару керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасай білу үшін тәжірибе, білім, эмоционалды күш-қуат қажет.
Бұл бизнесіңіз болса да, келесі көрініс орын алады. Өз қолыңмен әртүрлі он шақты бизнесті басқару қиын. Сіз ол үшін көмектесетін адам жалдап, ақысына ақша төлейсіз. Үнемделген ақшаңыз күннен күнге өсе беруі мүмкін. Көз алдыңызға өсіп тұрған гүлді елестетіңізші: жан жағына ұрығын сеуіп, ол ұрықтардан тура сондай гүлдер өсіп жатса. Бұл гүл құмырамен шектелген боп тұр. Бір гүл жылына тура сондай гүлді өсірсе екі гүл болады. Жыл сайын бір гүл- екіге, екі жылда-төртке, үш жылда-алтыға көбейе береді делік. Инвестицияңыз да сол сияқты, мұнда бір ғана «гәп» бар-оның капитал сияқты құмырасы жоқ. Бұл жақсы. Біз гүлді құмырада өсіреміз, себебі оларға құмыра далада өскеннен гөрі ұнайды. Бұл жерде де солай: біздің қаражатымыз «құмырасыз» жақсы өседі. Олар көбею арқылы өсіп отырады. Сондықтан ірі капитал құруға көп жинақтар қажет емес, ең алдымен тәртіп пен ертерек инвестицияны бастау керек. Тағы да нені айтып кетсек болады? Мүмкін, сіздер инвестиция арқылы көптеген бай адамдардың одан ары байығаны туралы білмейтін шығарсыздар. Әрине, бұл өте тамаша, ал оны пайдаланбағандық – ақымақтық шығар.
1.5.1 Масштабтау
Менің, пандемия кезінде жабылған, жаттықтырушы залым бар. Мен дағдарыс біткен кезде бір емес екі жаттырықтушы зал ашқым келер делік. Ол үшін бизнес жүргізуді өзгерткенім жөн. Әрине, оңайға соқпас, дегенмен, оларды еңгізген соң тағы екі жаттығу аппаратын сатып ала аламын. Сосын жиырмасын алғым келер. Қайтадан өзгеріс енгізу қажет, бұл басқарудың өзге әдіс түрлері боп келеді. Ол да өзгертілген жүйе. Ал бизнесім бірнеше жерде болса, қадағалап басқару қиынға соғады емес пе? Онда басқару жүйесін қайта өзгертемін. Содан соң 100 жаттығу аппараты алғым келер. Тағы қосымша тәуекелдер кездесер: брендті басқару, бәсекелестерді ойлау дегендей. 100 жаттығу аппараттарым болған соң, Қазақстанда нөмір бірінші инвестор бола алам. Бұл деген тәуекелдер мен уайымдар.
Алайда, менің де 1000$ капиталым 100 мың $ болса десем, өз тұлғамды түбегейлі өзгертпес едім, қымбат оқуды ұзақ оқымас та едім. Ресурстарымды бұл іске жұмсамас едім. Күштің зоры осында. Сондықтан ірі капиталдың едәуірі инвестиция арқылы құрылған, ал дарынды инвестор данышпан кәсіпкер болуға қарағанда әлдеқайда оңай.
1.5.2 Инвестордың имиджі
Кейбіреуіңіз, осы жерге дейін оқып болмай тұрып, кітап инвестиция туралы емес Forex тәрізді қор биржасында сауда жасау туралы деп ойлауыңыз мүмкін. Шынында бәрі кинодағыдай емес: галстук таққан ер адамдар телефоннан түспей бүкіл залға «Сатып аламын», «Сатылды» деп айқайласатын. Инвестиция- қызықсыз, ішті пыстыратын, күш пен уақыт аз бөлінетін нәрсе. Ол жалғыз нәрсені – тәртіп пен көп жылдарды талап етеді.
1.5.3 Бір миллионердің әңгімесі
Ең алдымен Карл Дженсенмен таныстырайын. Ол Америкада бағдарламашы (программист) болып жұмыс істеп, жылына 100 мың $ тауып, жұмысы шиеленісті атмосферада өтетіндіктен, кезекті бір жұмыс күнінің аяғында өзіне зейнетке қалай тезірек шықсам деген сұрақ қояды. Әйелі екеуі 5 жылдан соң қомақты 1 миллион доллар ақша жинап, өз еркімен зейнетке шыға алатын жоспар құрады. Дәл солай болды: 43 жасында 1—2 миллион доллар жинап, зейнетке шықты.
Ол не істеді:
– ипотекадағы зәулім үйін сатып, кішігірім қарапайым үй сатып алады;
– кейбір тұтынушы дағдыларынан арылып, қажетті заттарды қолжетімді супермаркеттен алып, үйін өзі жөндейді;
– отбасылық шығындарын азайтып, жұмыстан бос кездегі уақытын жанұясымен өткізеді;
– өзінің жылына 40 мыңға$ дейін табыс беретін пассивтік портфеліне өмір сүреді, ол болса табыстың үштен бірі, ал қалған үштен екі бөлігін қайта инвестицияға жолдайды.
Сізді ол тек Америкада, жалақылары қомақты елдерде, бізде жылына 100 мың$ табу қайдан болсын деген ойлар торлай бастар. Ал негізінде бәрі әлдеқайда оңай екенін айтқым келеді.
1.5.4 Нағыз бай адамның әңгімесі
Бай болу үшін көп ақша табу керек емес. Сіз ақшаны көп табу орнына аз жұмсаңыз. Мысалы, мен кеңес берген адамым 49 жаста, слесарь болып жұмыс істейді, айына 300$ дей табысы бар, оның 150$ жұмсап, қалған 150$ жылына 10% беретін инвестицияға салады. Есептегенде он жылда 31мың $ жинақтай алады екен, оның жылына 3100$, айына 258$ тауып, жұмысқа жұмсалатын шығындардан арылып, жұмыс жасамай-ақ жай-барақат өмір сүре алады екен. Әрине, ол миллионер бола алмайды, дегенмен Қазақстан, Ресей, Украинада немесе басқа да ТМД елдерде тұрып жатқандарға зейнетке уайымсыз шыға беруге болады. Бұл деген біз бен сіздің азаматтылығымыздың жақсы жақтары.
1.6 Кездейсоқ табылған табыс
Бұл сізге біреу ақша сыйласа. Менің бір танысымның әйелінің ұлты – кәріс. Кәріс ұлтында бала дүниеге келгенде думандап той жасайтын дәстүр бар. Сөйтіп менің досыма сыйға 10 мың$ тартыпты. Ол ақшаны инвестицияға құяды. Бұл кездейсоқ табылған табыс болады. Сондықтан ондай ақшаға көлік, үйге жөндеу жасамай – инвестицияға салыңыз.
Бір досым әрбір үй иесінің басынан өтетін таныс тағылымды оқиғаны айтып берді. Оның машинасының құны нарықта сатып алған бағасынан жоғары екен. Ол машинасын сатып, өзіне тура сондай машинаны төмен бағамен сатып алғысы келеді. Ал қалған ақшаны үнемдеп қоюға бел буады. Алайда машина іздеу айларға созылып кетеді. Ол болса өзіне ештеңеден бас тартпай, қымбат жерлерде демалады. Ақша әйелінің қымбат телефонына, мамасының үйін жөндеуге жұмсалып кетеді. Сөйтіп, оқиғаның немен біткенін өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар. Ең соңында машинаны несиеге алуға тура келеді.
Бұдан алған сабағыңыз: кездейсоқ табылған табысты инвестицияға сал. Өзіңді сенде ондай ақша болмағандай ұста.
1.7 Үлкен сома
Адам қандай жағдайда бай бола алады? Оның табысы шығыннан асып тұрғанда. Мен үнемі: «100 миллион долларым болса маған ештеңе де керек емес еді» деген сөздерді көп естимін. Шынайына келсек, ол адамдар сол ақшаны неге жұмсайтынын да білмейді. «Хортица» атты арақ-шарап шығаратын Черняк атты украин олигархы бір сөзінде мотивация туралы айтады. «Ештеңеңіз жоқ кезде – ерте тұрып, жұмысқа бару мотивациясы оңай боп келеді. Ал бәрі бар кезде: машина, мүлік, жинаған ақшаң, бизнесің болғанда-қиынырақ. Бір миллион таптыңыз ба-керемет! Ендігі мақсатыңыз- 10 миллион табу. Содан кейін Forbes бетінде болғыңыз келер- боласыз. Forbes бетінде тұрған адамның мотивациясы қандай болу керек? Күрделі сұрақ.» Сол кезде залдан біреу: